Үсенов Шымкенттік болса, "түрмеде отыра берейінші" дер еді
Негізі бір жаман нəрсе болса болды, бірден Шымкентті кінәлайды. Біздің де жақсы жақтарымыз көп қой.
Бізде Үсенов сияқтылар талтаңдап жүрмейді. Егер Үсенов Шымкентте болғанда өзі-ақ, түрмеде отыра берейінші шықпай деп айтар еді. Өйткені бізде мемлекет заңы бар жəне дала заңы бар. Бізде ешқандай байдың баласы талтаңдап жүрмейді. Көрсетпейді, байдың баласы екенін. Өйткені бізде бəрі – бай. Рухани – бай. Ақша көп деп ойлап қалмаңыздар. «Қанға қан, жанға жан» деп жатады, кейбірі. Кей кезде дала заңының арқасында əділдік орнайды. Кейде рэкеттер қайта пайда болса, байдың балалары тығылатын жер таппай қалатын шығар деп ойлап қоямын.
Айгүл Орынбек
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы