Сен тұр - мен айтайын!

Үш ай бір трусимен жүруші едік десең, ертегі айтып отырғандай боласың...

  • Үш ай бір трусимен жүруші едік десең, ертегі айтып отырғандай боласың...

    Үш ай бір трусимен жүруші едік десең, ертегі айтып отырғандай боласың...

Қарашаш деген нағашы апамыз болды, қаша деп атайтынбыз. Көкшетаулық арғындардың қызы екен, аштықта үдере көшіп Тəшкенге кетіп бара жатқан жолда сегіз келі бидайға айырбастап тастап кетіпті. Сол кезде сегіз жаста екен. Бұрынғысын білмеймін, біз ес білген кезде ол кісілердің жағдайы жақсы болатын. Апам нағашыларымыздың ескі аяқ киімдерін бізге əкеп беретін. Нағашым Социалистік Еңбек Ері еді. Тəтем айтушы еді, сол кезде мына кемерден ары ассаң қалың қамыс, түйе көрінбейді, ішінде қоян жыртылып айырылады. Соны барып аулағанға белсенділер жібермейді. Аштықтан небір қыздар шашы бұрқырап жол жағасында өліп жатады, соларды көмгенге жұрттың шамасы жоқ дейтін. Түстен кейін аш адамдардың көзі көрмей қалады, оларды бесін соқыр деп атайды деп еске алып отырушы еді. Балалық шақта жырғамасақ та біз аштық көрмей өстік. Қазіргі жастар бүп-бүтін киімдерді тастай салады, мынаны əлі киюге болады ғой десең, түрлі себептер айтып əйтеуір керексіз қылып шығарады. Менің жаным ауырады, біз ескі киімдерді жамап киюші едік десең, сенгісі келмейді. Үш ай жаз бір трусимен жүруші едік десең, ертегі айтып отырғандай боласың. Шынында біз жырым-жырым болғанша киюші едік. Біз жоқшылықты, аштықты көргендерді көрдік, сондықтан бүтін затты тастағымыз келмейді. Студент кезімде, 1978-ші жылы алған бір жейдем əлі бар, кей-кейде кием. Қазіргілер былтырғы киімдерін биыл кимейді. Лайым замандары жақсы болғай, дей тұрғанмен күндердің күні сондай қиын заман айналып келер болса, түк көрмеген жастар қиналып қалады-ау деп бойымды қорқыныш билейді.

Нұртай Ерназар
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1866    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31