Үшінші Қазақтарға күлетін һәм ренжитін төртінші, бесінші Қазақтар табыларына шүбәм жоқ
ҚАЗАҚ БОЛУ...
... қиын!
Мысалы, 1 наурыз келеді.
Бір Қазақтар алғыс айтады. Ақжарылып, шын ниетімен ақ тілегін төгіп жатады. Былай қарасаң, дұрыс нәрсе.
Осы алғыс айтушы Қазақтарды басқа бір Қазақтар түсінбей жатады. "Неге алғыс айтасыңдар, басқалар айтуы керек қой" деп ренжіп жатады. "Басқалардың" Қазақтардың тілін түсінбейтінін де ұмытып кеткен. Ақылсыздыққа балап, мысқылдап күліп дегендей жаңағы. Былай қарасаң, бұл да дұрыс нәрсе.
Алғыс айтқан Қазақтарға ренжіген басқа Қазақтарға үшінші бір Қазақтар күліп отырады. "Да лан, айта берсін. Нәғылд сонша, алғыс айтқанда тұрған не бар? Ана кісі құсап қарғыс айтып отырған жоқ қой" дейді ғой. Бұл да дұрыс.
Бұл үшінші Қазақтарға күлетін һәм ренжитін төртінші, бесінші Қазақтар табыларына шүбәм жоқ. Дұрыс қой енді.
Ал, енді осы "дұрыс" нәрселердің ең Дұрысы қайсысы?
Қиын.
P.S. Көктем құтты, мереке көп, теңге мол болсын.
Алмас Алтай
Фейсбуктегі парақшасынан