Сен тұр - мен айтайын!

Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпейтіндей күш пен қуат болуға тиіс

  • Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпейтіндей күш пен қуат болуға тиіс

    Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпейтіндей күш пен қуат болуға тиіс

Қазақстан бұрынғы күшін қайтара алмайды. "Алтын Орда" болып дүрілдеген кезеңді айтамын. Орысша айтқанда "былую славу не вернуть". Оны өзіме іштей мойындап қойғанмын. Қаншалықты тез мойындасақ, соншалықты шынайы картинканы көре аламыз. Бірақ, дүниені дүр сілкіндірген империя болмасақ та, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпейтіндей күш пен қуат болуға тиіс.
Қазақстан әскері аз болса да, қуатты болуға міндетті. Алып жыртқыштар айналып өтетін кішкентай ғана аңдар болады. Тиіскенін аямайтын, тістеген жерінен айырылмай, шабуыл жасағанның өзін өкіндіріп жіберетін жыртқыштарды айтамын. Солар сияқты қуатқа ие әскери күшіміз болса, керемет болар еді. «Біздің сенде шаруамыз жоқ, сенің де бізде шаруаң болмасын» принципімен өмір сүрер едік. Ол үшін мықты авиация, жаңа қару мен теңдессіз барлау қызметі, стратегия мен арнайы жасақтар керек.
Арнайы жасақ демекші. Әзербайжан Қарабақты кері қайтарғанда арнайы жасақтардың үлесі зор болды. Әсіресе «Яшма» арнайы жасағының. «Яшма» арнайы жасақтары Әзербайжандағы Яшма елді-мекенінің маңында құрылған. Бұл жасақтар басқыншылардың қорқынышына айналды. Олардың жоғары деңгейдегі дайындықтары мен ерекше тактикалары сан мәрте жау әскерін сан соқтырды.
Жалпы Әзербайжанда арнайы жасақты іріктеу қатаң талаппен жүзеге асады. Барлық елде сондай ғой бірақ. 100 адамнан 4-5 адам ғана іріктеліп шығады. Олар бойы ұзын, физикалық тұрғыдан шымыр, бірнеше тіл білетін, спорттың бір түрін жақсы меңгерген болуы шарт. Арнайы жасақтары әзербайжан, түрік, орыс тілдерін біледі. Тең жартысы ағылшын және урду тілдерін де меңгерген.
Әзербайжан арнайы күштері үнемі дайындық пен жаттығуда болады. 1994 жылғы оккупациядан кейін, елге демеу болған Түркия, арнайы жасақтарды да жасақтауға көмектескен. Сондықтан әрине арнайы жасақтар Әзербайжан жерінен бөлек, Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік республикасында дайындалады. Пәкістанның арнайы барлау қызметтерімен бірлесе жұмыс жасайды. Урду тілі міне осы үшін қажет. Ал Пәкістанның барлаушылары әлемдегі үздіктердің қатарында екенін жақсы білесіздер.
Одан бөлек Еуропада да жаттығады. Әсіресе Швейцария мен Скандинав елдерінде. Швейцарияның биік тауындағы аязында, Пәкістанның ыстығында, Кипрдың теңізді толқынында, Әзербайжанның шатқалдарында дайындық жасайтын арнайы жасақтар, барлық жағдайға дайындалып, ең қиын деген тапсырмаларды орындауға да әзір екен.
Әрине, жай жаттығу аздық етеді. Ұрыс даласында соғысу мүлде бөлек. Әзербайжан арнайы жасақтарында соғыс тәжірибесі жеткілікті. Мысалы 2014 жылы Қарабақтағы қақтығыста шайқасты, 2016 жылы сәуір соғысында басты шепте болды. 2020 жылы тіпті соғыстың ең қиын тапсырмаларын сәтті іске асырды. Одан бөлек арнайы жасақтар күн сайын басқыншылар отарлап алған аймаққа кіріп, арнайы ақпараттар жинап, бастарын қатерге тігіп, жылдар бойы тәжірибе жинады.
2020 жылы Түркия Сирияда Асад пен «Вагнер» жендеттерін талқандаған сәтте, Түркия тарапынан Әзербайжан арнайы жасақтары қатысып, тәжірибе жинаған деген ақпараттар бар. Пәкістанның антитеррорлық операцияларына да қатысуы мүмкін әрине. Осындай толағай тәжірибелердің барлығы Қарабақта өз жемісін берді.
Әзербайжан арнайы жасақтары түрлі әскери құрылымдарда бар. Теңіз, әуе, құрлық. Мысалы Каспийде арнайы «Жолбарыс» атты теңіз әскери арнайы жасақтары жүр. Олардың саны қанша екені белгісіз, бірақ әскери қуаты жеткілікті. Себебі Қарабаққа осы күштер де қатысты.
Баку арнайы жасақтары ең озық қарулармен қамтамасыз етілуін қалайды. Сондықтан Түркия, Ресей, Израиль, НАТО елдерінің қарулары бұл жасақтардың ажырамас бөлігіне айналған.
Қазақстанның арнайы жасақтары да жаман емес. Олар жайлы нақты мәлімет табу қиын. Барлығы құпия. Ол дұрыс. Біздің еліміз де арнайы жасақтар санын арттырып, барынша модернизациялап жатыр дегенге сенгім келеді. Әсіресе гибридтік соғыс жүргізуге және діни радикализмге қарсы эффективті әрекет етуге машықтанса деген тілек бар.


ПыСы: Суретте Әзербайжан арнайы жасақтары.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1011    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.12.2020, 09:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31