Сен тұр - мен айтайын!

Үй болғысы келетін қазақ қыздары кеміп бара жатқаны ащы шындық...

  • Үй болғысы келетін қазақ қыздары кеміп бара жатқаны ащы шындық...

    Үй болғысы келетін қазақ қыздары кеміп бара жатқаны ащы шындық...

Соңғы уақытқа дейін өзге ұлттан әйел алған ұлт марқасқаларын іштей жақтырмайтынмын. Тіптен, әліме қарамай іштей соттайтынмын. Қақым бар ма, жоқ па, қарамаймын өзімше. Соңғы кездегі қазақ әйелдерінің "кереметтерін" көріп-біліп жүріп, ол ойымнан айныдым. Адам аласы әр ұлтта жеткілікті. Егер, М.Шоқайдың әйелі қазақ болғанда, жат елде көрген сонша ауыртпашылыққа шыдар ма еді? Әрине, қазақ қызы көтермейтін жүк жоқ. Беті аулақ, АЛЖИР-де азаматынан бас тартпағаны үшін қаншама апаларымыз қасырет кешті. Онысы үшін өкінбеді. Бауырындағы баласынан бейхабар, күйеуі атылған қазақ әйелдерінің жанкештілігін айтам... Солай болуы керектігін жүрегімен қабылдады ә?.. "Бірақ, сол Шоқай атамызға осалы кез боп қалса ше? Туасында, адал әйел ұлтқа бөлінбейді-ау, жақсы мен жаман баршаға ортақ қасиет қой?.." деееп, осы күні ойланамын ғой. Бүгінде үй болғысы келетін қазақ қыздары кеміп, өз басының рақаты үшін өмір сүргісі келетіндер саны күрт өсіп бара жатқаны ащы шындық. Ата-ене, күйеулі болуды басына жүк санап, "бағымсыз бостандықта" болғысы келеді. Шетелден келді дерміз. Бірақ, осы шетелдің жағымсыз жағы неге бізде тез қабылданып, тамырлап кетеді ә? Дәстүріміз тойдың алдындағы дайындық пен салтанат тез өтіп кететін кезең деңгейінде қалып қойды. Тойдан соң, еуропа стиліне көшіп кетеміз. Ешкімді кінәлай алмайсың. Ақиқаты осы боп қалды.


Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.06.2020, 12:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31