Сен тұр - мен айтайын!

Ұйқыдан тұрған соң түндегі «ғаламат» ойым еске түсіп, өзімнен өзім қатты ұялғаным

  • Ұйқыдан тұрған соң түндегі «ғаламат» ойым еске түсіп, өзімнен өзім қатты ұялғаным

    Ұйқыдан тұрған соң түндегі «ғаламат» ойым еске түсіп, өзімнен өзім қатты ұялғаным

ШАЙТАННЫҢ ОТЫ


«Егемен Қазақстан» газеті ең қысқа әңгімеге бәйге жариялаған екен. Жөн ғой. Оқырман ұзақ сонар мыжымадан жерігелі қашан. Бұрынғы проза туралы осылай дейміз, дегенмен қанша ұзақ сонар болса да, оқиғаны көркем суреттеп, ойдан ой балалатып, оқырманды тылсымына тартып әкетер, қайта айналып соғуға мәжбүр етер әңгімелер туралы айтар сөз басқа. Ондай хас жазушылардың шағын әңгімелеріне кейде шөлің қанбай да қалады-ау.

Ал қазіргі оқырман атпен желдіртіп бара жатып оқитын проза тілесе, жазушы бейшараның амалы қайсы? «Егемен...» соны білгендей екен.

Бірақ осыған қатысты бір қызық жағдай болып тұр. Мұндай қызық жағдайды әдебиет тарихында бұрын-соңды естігендер бар ма екен? Біздің кейбір прозашылардың жазғаны бірер сөйлемнен ғана тұрады екен, тіпті ол сөйлемінің өзі қоянның құйрығындай шоп-шолақ болғаны қызық.

Қыс ортасында кейбір қой-ешкінің түсік тастайтыны бар, сонда өз жатырынан шыққан әлгіге аналық жануар шошына қараушы еді.

Ең қысқа әңгіме айдарымен жарияланып жатқан тақ-тұқ жазбалар қалжырап кеп жастыққа бас қойған адамның ұйқысырап сөйлегеніне да ұқсап кетеді екен. Енді соған байланысты басымнан өткен бір оқиғаны баян етейін, бәлкім айтпағым сонда түсінікті болар.

Әне бір жылы үйге таң бозара әрең жетіп, төсекке сүре құлағанмын ғой, әп-сәтте көзім ілініп жүре беріпті. Сонда да басыма бір ойдың келгенін аңғарып жатырмын. «Баяғының батырларыныкі дөңгелек еді, қазіргі жігіттердікі төртбұрыш» деген. Шамасы мәселе қалқан туралы болса керек. Не түс емес, не өң емес, кел-қайт бір жағдайда жатып ойлаған осы ойым жер бетіндегі ғұлама атаулының басына келе қоймаған ғаламат ой сияқты болып сезілгені. «Шіркін-ай, қағазға жазып қояр ма еді, әйтпесе ертең ұмытып қалам-ау» деп те ойлап қоям.

Ертеңіне ұйқыдан тұрған соң түндегі «ғаламат» ойым еске түсіп, өзімнен өзім қатты ұялғаным.

Сығырайып жанған отты шайтанның оты деуші еді...


Нұрлыбек Саматұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 903    Пікірлер: 0

жұма, 18.10.2019, 12:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30