Сен тұр - мен айтайын!

Үйлену мақтан үшін емес қой

  • Үйлену мақтан үшін емес қой

    Үйлену мақтан үшін емес қой

Неше түрлі адамдар хат жазады. Біреу проблемасын айтады. Біреу мақтанғысы келеді. Біреу кекетіп жазады. Біреулер жаны ашып жазады. Көбіне басында проблемасы бар келіншектер жазады. Соңғы кезде оқушы, студент қыздар жазып жүр. Әркімнің проблемасы әр түрлі. Біреуге еркіндік жетіспейді. Біреуге мотивация.
Айтайын дегенім, екі-үш жыл бұрын хат жазған келіншек. Бір қызымен ажырасыпты. Көңілі құлазып жүрді. Мен не дей қояйын... Бөліп берер малым жоқ. Жұбатқансыдым. Мен үш баламен өлгем жоқ. Сен де өлмейсің дегеннен басқа не дей алам?! Әлі-ақ бағың ашылып кетеді. Қызың үшін өмір сүру керек. Талпыну керек дейсің. Бір қарағанымда, әдемі суреттер сап қойыпты. Қызының туған күні. Жаңа әкесімен түскен суреттер. Бақытты баланы көрдім. Тұрмысқа шығыпты. Көңілі шат. Ар жағын сұрауға ұяласың. Сол... Жақсы болып, жарасып кетсе екен деп тілейсің. Үйлену мақтан үшін емес қой. Үйлену бас құрау, ынтымақты отбасы құру, берекелі өмірді балаға аманаттау үшін де керек. Адамгершілік пен махаббат отбасынан, ошақ қасынан сіңеді ғой. Қалғаны дарақылық, стереотип, сыртқы факторлар... Ең бастысы жұптасқан жандардың жарасымы... Екі жан бір-бірін тапса, бала ешкімге жүк емес... Өседі де кетеді. Жай, көңілім көтеріліп қалады жақсылықты көргенде...

facebook.com парақшасынан




Көрілген: 1241    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.09.2020, 19:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31