Үйінде ұйықтап шетелден шомылып келетін магнаттың үйінде қонақта болдым

20 қазан 2020, 01:14

Біраз жыл бұрын үйінде ұйықтап шетелден шомылып келетін магнаттың үйінде қонақта болдым, ортасы орысша сөйледі деп мақтанбайын, ағылшынша, түрікше мен  түсінбейтін тағы бір-екі тілде сайрап отырды.

   

Дубай, Дубай деп қоятынынан е мынауың мына тілде сөйлесіп отыр екен ғой деп біраз тілді жобалап отырдым.

   

Дастархан мәзірін айтпай-ақ қояйын. Алдыңдағыны жеп үлгермейсің жаңасын ауыстырады.

  

Сусын көл. Шарапқа сұраныс жоқ. Шұбат, қымыз, мал еті деликатес.

 

Байларың Тойда біз секілді коланы бас салмайды. Ішкені қара су. Он бес тәрелканың үстінде вилка мен пышақты тықылдатып отырған жаран әйтеуір.

  

Сөз кезегін маған бергенде Құдайым тілімнен қақпасын деп сөйлей жөнелдім.

 

Қазақшаны сағынып қалған ба?  Жасы үлкені беторамалын алып көзінің жасын сығып, мұрынын бір тартып алды.

 

Мынау кім, мынау деп жан-жағым сыбыр етті.

   

Қарайтын мен жоқ жылатып тұрып өлеңімді айтып шықтым, өзімде жылайын деп тұрмын, ду шапалақ. Бітті.

  

Төрде отырған кісі антрактіде тербетіліп әлемнің духин холлға жайып жаныма келді де Әкеме өлең шығарған сен бе едің бір жылқы менен ал деді.

   

Ой, оны балконыма байлап қояды дейсіз бе? Рахмет дедім енді.

   

 Кейін бірдеңе қып береді екен деген де ой болмапты. Атаған жылқысын алмасақ та ниетіне мәз болатын қазақпыз ғой. Ол бірдеңе қып конвертке де салып бермепті.

 

Сонымен біраз кісімен таныстым, танымал біраз ақын-жазушы да сонда том-том кітаптарын құшақтап жүрген, сөйтсем сөйтіп тойға атайды екен.

 

Менде кітап тұрмақ шпаргалка да жоқ.

 

Өзімде қырсық адаммын ғой, ашылатын жерде ақтарылып түсем, ашылмайтын жерде бетонбетпін.

 

 Сонда айтпағым, тілі ауып кеткен байларың қазақша сөйлегеніңде жан дүниесі қозғалып сағыныштан бауыры езіліп кете ме дим.

 

 Бірақ ё моё жмот екен.

 

Атаған жылқысы әлду болды.

 

Енем құсап өлгенінде өзіне атап кетем ғой.

 

Содан оларың шақырса да араласпай кеттім.

 

 

Лаура Казбек

Фейсбуктегі парақшасынан