Үйіңізге мілітсә қуып баруы әбден мүмкін

27 қазан 2021, 01:12

Жазда астанаға барғанымызда әр жерде жатқан осындай электросамокаттарды көріп таң қалғам ғой."Алып кетпей ма екен үйлеріне, қалай ақша төлейді?" деген сұрақтар мазалап))
Іле-шала бізге де келді ғой мұндай цивилизация. Бізде мұны жалға алу құны минутына 25 теңге тұрса (ұлымнан естігенім), Алматыда 45 т, астанада 30-35т аралығы екен. Былайынша керек нәрсе. Жұмысқа барып-қайтуға жақсы екен.
Мұны сөз қылып отырған себебім, кеше инстада біреу пост шығарыпты."Осындай самокат тауып алдым.Егесі оқып отырсаңыз хабарласып, алып кетіңіз" деген. Көшеде келе жатқам ғой, күлкі қыссын.Астындағы комменттерді оқысаң, ващеее).
Сол құсап, көшеде жатқан электрсамокат көрсеңіздер, "қап, бір жүгермек ұмытып кеткен болды ғой, әке-шешесі айқайлап жатқан болар. Инстаға шығарып иесін тауып алайын" деген оймен алып кетіп жүрмеңіздер. Үйіңізге мілітсә қуып баруы әбден мүмкін.
Жәәәй, соны ескертейін деп)
Қайырлы түн!

Фейсбуктегі парақшасынан