Сен тұр - мен айтайын!

Вакцина қоғамдық иммунитет үшін қажет екенін түсінсек екен.

  • Вакцина қоғамдық иммунитет үшін қажет екенін түсінсек екен.

    Вакцина қоғамдық иммунитет үшін қажет екенін түсінсек екен.

Үлкендер "Біздің кезімізде..." деп бастайды ғой әңгімесін. Сол сияқты біз вакцина алған кезде (13 сәуір – 4 мамыр) көлік ойнату деген болмаған еді.
Бүгіннен бастап 31 тамызға дейін астанадағы «MEGA Silk Way» ішінде вакцинаның бірінші компонентін алатындарға Hyundai Accent автокөлігін ойнатады дейді.
Вакцина алғандар арасында ұтыс ойынын ұйымдастыру Қазақстан ашқан жаңалық емес. АҚШ-тың бір штатында балық аулау лицензиясын (ал жергілікті халық үшін бұл бағалы сыйлық), Нью-Йоркте бейсбол матчтарына билеттер ойнатты. Огайо губернаторы болса, әріптестерінің алдын орап, тұрғындарына апта сайын 1 миллион доллар бәс тігетінін жария етті. Калифорния жүлде қорын 1,5 миллионға көбейтіп, вакцина алушылар арасында супермаркеттерде сауда жасауға арналған құны 50 доллар болатын 2 миллион сертификатты лотереяға қойды. Нәтижесінде вакцинаны халықтың 62,8% толық қабылдады.
Осындай стимулдың арқасында АҚШ, Польша, Таиланд, Ресей, Моңғолия, Сербия, Индонезия, Қытай, Венгрия, Израиль автокөлік ұсынды. Нәтижесі жаман емес сияқты. АҚШ-та вакцина алушылар саны екі аптаның ішінде 49% өскен.
Қазақстанда вакцина алғандар салыстырмалы түрде өте аз. Бүгінгі мәлімет бірінші компоненті 2 857 255 адам, екеуін 1 753 969 адам алған деп көрсетіп тұр.
Мәселе тіккен көлік пен ақшада емес, вакцина қоғамдық иммунитет үшін қажет екенін түсінсек екен. Үндіге жайылған вирус та қылаң беріп жатыр дейді. Сақтанайық, қорғанайық.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 2958    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 09:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30