Сен тұр - мен айтайын!

Вакцинаның пайдасы аса жоқ па деп те секемденіп қаламын...

  • Вакцинаның пайдасы аса жоқ па деп те секемденіп қаламын...

    Вакцинаның пайдасы аса жоқ па деп те секемденіп қаламын...

Вакцина төңірегіндегі дүрлігу əлі басылмай тұр, иə?) Менің екпе салуға ешқандай қарсылығым жоқ негізі. Үлкен балаларыма бар екпенің бəрін алғанмын. Мына кішісінде кішкене кежегем кейін тартып, шала-пұла алдым ғой деймін, əлі вакциналары бар алынбаған. Жə, айтайын дегенім, бала дүниеге келе сала салынатын ең алғашқы вакцина - БЦЖ, яғни туберкулезге қарсы екпе. Ол 6 жаста қайталанып салынады. Бұдан кейін Кох таяқшасына қарсы өмірлік иммунитет қалыптасуға тиіс заң бойынша немесе құрт ауруын жұқтырған жағдайда ол жеңіл өтуге тиіс. Бірақ олай емес. Қазақстан "қан түкіруді" əлі де ауыздықтай алмай келеді. Туберкулез елімізде өршіп тұр. Елімізде ғана емес, вакцина жаппай салынатын өзге мемлекеттердің де осы қауіпті сырқатқа келгенде шекесі шылқып отырған жоқ. Сонда деймін де, əлгі шақалақ шақтан "бойға сіңген" БЦЖ вакцинасы неге ағзаны дер кезінде қорғамайды, ауруға қарсы неге иммунитет қалыптастырмады, соны түсінбеймін мен. Соған қарағанда вакцинаның пайдасы аса жоқ па деп те секемденіп қаламын кейде)). Айтпақшы, шетелдік кейбір дəрігерлер "БЦЖ-ны 6 жаста салудың қажеттілігі жоқ" деген пікірді де айтып қалып жүр...

Қымбат Тоқтамұрат
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1260    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.11.2019, 12:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30