"Венецияда" қыдырған жақсы ғой, бірақ ауру болсаң сулы қала әдірем қалады емес пе?!

15 сәуір 2021, 09:46

Былтыр BI group екі модульді больница салғаны үшін жалпы сомасы 14,8 млрд. теңге жұмсаған. Ал оның шығындарын ашық жарияламады. Жарайды дедік те көзді жұмып, тақырыпты жауып тастадық. Қазір елдің барлығы Түркістандағы "Венецияны" салуға жұмсалған қаржы 87 млрд. деп санап жатыр.
Соңғы екі күн ауруханада жатқан мен ойланып қалдым осы сомаға неше емхана салып, медициналық техника алдыртуға болады деп. Себебі, мен жатқан астанадағы емханада портал арқылы еліміздің түпкір-түпкірінен науқастар келеді екен. Соңғы екі күнде Байқоңыр мен Степногорскіден операция жасатуға келген науқастармен таныстым. Біздің елде қаржыны дұрыс жұмсаса алдымен халықтың саулығын ойлап, медицинаны көтеру керек. "Венецияда" қыдырған жақсы ғой, бірақ ауру болсаң сулы қала әдірем қалады емес пе?!