Семейде 2002 жылы бір танысымыздың Анасы қайтыс болады. Танысымыз қарапайым мемлекеттік жұмысшы болып, Семей қаласының әкімшілігінде орташа жұмыс істейтін. Жерлеуге 100 шақты адам жиналып, Анасын соңғы сапарға аттандырып салдық.
Уақыт өтеді, сол танысымыз Қазақстанның басқа бір орташа қаласына қала әкімі болып кетеді. Сол әкім болып, беделі өсіп, аппараттық салмағы ұлғайған сәтте, 2011 жылы Семейдегі Әкесі қайтыс болады. Бұл жолы xалық қарақұрым, Семейдегі "Центральный" ресторанына 3 партия ас береді. Адам сыймайды.
2012 жылы біздің үйге келіп, Әкеме сәлем берген кезде, дастарxан үстінде айтқан сөзі әлі есімде: "Аға, өмір бойы намаз оқыған Анам кеткенде, бір пәтерге сыйатын адам келіп, зираттың басына 4-5 мәшина барып едік, енді өмір бойы ауызы кеппеген (қара жер xабар бермесін) Әкем кеткенде, кортежбен шығарып салдық ..." деп көзіне жас алған еді.
Жәлеп-Заман ғой, иә ...
Фейсбуктегі парақшасынан