Сен тұр - мен айтайын!

"Вирус жоқ" дегенді естісем, осылар не шегеді деген ойда болам...

  • "Вирус жоқ" дегенді естісем, осылар не шегеді деген ойда болам...

ЭКОНОМИКА В Ж**Е және ВИРУС БАР МА?

Әлемдік экономика қиын жағдайда. Өте. Орысша айтсақ "в ж*пе". Бұл қиындықтан қалай шығады, білмедім.
"Вирус деген вакцина егу үшін ойлап табылған, бұл фармацевтикалық бизнес түрі" дегендерге сенбеймін. Оны естігенде тәпішкеме жан бітіп, күліп жібереді. Бұл вирусқа қарсы вакцина шығатыны анық. Кез келген жаңа ауру түрі пайда болғанда қарсы екпе шығады, бұл да соның бірі. Бірақ бұл "вирус дәл сол үшін ойлап табылған" дегенге сай келмейді. Тым қисынсыз.
Әлемің басты экономикасы АҚШ-тан бастап, ЕО, Азия алпауыттары мен Таяу Шығыс елдері, Африка мен мұхиттық елдер, бәрі-бәрі жапа шегуде. Әрбірі млрдтаған шығынға ұшырауда, ал әлемдік экономика тұтас алғанда 2,5 трлн доллар жоғалтуы мүмкін дейді. АҚШ-тың өзінде жұмыссыздық деңгейі 20% болуы мүмкін, ІЖӨ-де құлдырап кетпек. "ЕО құрылғалы бері дәл осындай дағдарысты көрмеген" деушілер де бар. Экономикасы 50% түсетін елдер де бар. Мысалы Эквадор президенті солай деп мәлімдеді. Сұмдық иа.

Туристік елдер миллиондаған туристерден қағылды. Сәйкесінше туркомпаниялар жабылып жатыр. Әуе компанияларының акциялары екі есе түскен. Мейрамханалар да үлкен шығынға ұшырауда, тура сол сияқты қонақ үйлер де. Жалпы барлық сала тура осындай күйді бастан кешіріп жатыр.
Ал енді "вирус жоқ" дегенді естісем, осылар не шегеді деген ойда болам. Ойлаңызшы, өзі аш, өзі жалаңаш Африка елдері де карантин жариялады. Жоқ вирусқа қиналып жатқан ел карантин жариялап, одан бетер өз жағдайын қиындатады ма?
Жарайды, кедейлерді қойып, байларға келейік. Табысы мемлекеттердің табысынан артық трансұлттық компаниялар, әлемдік брендтер бар. Олар да жұмыстарын тоқтатып, айтарлықтай шығын шекті. Әсіресе автоконцерндар. Егер мен сондай жүздеген млрд доллар табысы бар компанияның басшысы болсам, онда жоқ вирусқа бола өндірісімді тоқтатам ба? Әрине жоқ. Минутына акциялары млндаған доллар әкелетін компаниялар жоқ дүниеге бола бас қатырмайды. Өз кәсібіне зияны тиер кез келген идеяға "пошел на..." дейді.
Сосын бір дастарханда тамақ ішіп, қол алыспайтын, қараңғы түнде көше бұрышында жалғыз тұрғанын көрсе, жабылып тепкілеп кететін, бір-біріне бағзы заманнан өш елдер бар. Солардың даусы жоқ вирусқа бола бір жерден шыға қалды дегенге ну меңдуана жеген жынды да сенбес.
Енді жағдайға қайта оралайық. "Биыл экономикалық өсім алпауыттар арасында Қытайда ғана болуы мүмкін" дейді сарапшылар. Бұған енді әлем елдері көніп отырмас. Не болуы мүмкін? Қалай ойлайсыз?

 

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 935    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 01:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30