Сен тұр - мен айтайын!

Вирустан үрейленіп жүргенде қара халық аштан қырылмасын?..

  • Вирустан үрейленіп жүргенде қара халық аштан қырылмасын?..

    Вирустан үрейленіп жүргенде қара халық аштан қырылмасын?..

Көктемде иммунитет көтеру үшін имбирді балға қосып ішетінмін. Бүгін базарда имбирдің кіләсі 6000 (алты мың) теңге боп кетіпті? Өзбекстанмен шекара жабықтан. Бай-бағланды көре алмағаным емес. Олардың мұрты қисаймайды. Мына жағдайда зардап шегіп жатқан қара халық. Ірі қалалар шекарасын жауып тастағаннан да зардапты халық көріп жатыр. Көбі қалаға жұмысқа қатынайды. Енді не кіре алмай, кіргені бала-шағасына жете алмай, шыға алмай қалғаны жұмысына жете алмай, жұмыстан айырылу қаупінен күйзелуде. Біз қайбір жетіскенбіз? Әрі кетсе екі қап ұн алармыз. Артық қапқа ақшамыз жетпейді. Үйде жатып жей берсек, ол да таусылар. Ауамен қоректенбейсің. Бізге шүкір, үкіметтен азды-көпті жалақы алатын жұмысымыз бар дегендей. Істемейтіндер ше? Әлден "ашпыз" деген қағазын көтерген суреттер фейсбук бетінде қаптай бастады. Енді екі аптадан соң не болмақ? Әлсіреген ашқұрсақ, короновирустан басқа да вирустың көкесін жұқтыруға бейім. Вирустан үрейленіп жүргенде қара халық аштан қырылмасын?.. Ойлауға дәтім бармайды.

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 634    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 10:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31