Сен тұр - мен айтайын!

Вирустың емі табылып, әлем тынышталған соң бұ Чувак туралы фильм түсіріледі

  • Вирустың емі табылып, әлем тынышталған соң бұ Чувак туралы фильм түсіріледі

    Вирустың емі табылып, әлем тынышталған соң бұ Чувак туралы фильм түсіріледі

Сұрақ: Вирус тараған елдерден келген азаматтарымызды 14 күн оқшаулап карантинде ұстаған дұрыс па?
Әлде, бұл Карантин олардың "адами құқтары мен бостандықтарына нұқсан келтіріп, оның еркіндігіне қол сұғу" ма?

БІРІНШІ ЖАҒДАЙДА, профилактика үшін 14 күн арнайы орында ұстап, дене өзгерісі, қан, ағза құбылыстарын толық бақылауда ұстап, барлығы тап-таза болған жағдайда босатады.

БҰЛ, жалпы халық үшін, мемлекет саулығы үшін мәжбүрліктен істеліп отырған шара. Талқылаудың өзі артық (бірақ, біреулер үшін "бұл адам құқын таптау" екен)

ЕКІНШІ ЖАҒДАЙДА, вирус кең тараған елдерден келген, ауру тарату қаупі анық адамдарды КАРАНТИНДЕ ұстамай, бірден елге кіргізе беру...

Қорқынышты, әрине. Бірақ, осыны талап етіп, өз құқым деп өзеурейтіндер бар екен (айтпақшы, Оңтүстік Кореяға вирус осыған ұқсас жолмен таралған. Шіркеу қызметкері вирус таратушы рөлінде)

"Дүнияға демократиядан сабақ береміз" деп кеуде ұратын АҚШ карантинде ұстайды.

"Ғаламға шариғаттан дәріс оқимыз" деп тұрған Сауд Арабиясы карантинде ұстайды.

Ғылымы мен технологиясы Бізден әлдеқайда биікте жатқан Жапония етек-жеңін қымтап, жан-жағын жауып... карантинде ұстайды!!!

Сонда, көкелер-ау, Қазақия "кімнің шікірәсі?!"

КАРАНТИН - еріккеннің ермегі емес, тұтас мемлекет денсаулығын ойлап, көптің қамы үшін азды азғана уақыт мәжбүрлей тұру.

Есі дұрыс адам (жаман айтпай жақсы жоқ) өзінен вирус белгісі шықса да үйіндегі ұл-қызына, әке-шешесіне жұққанын қаламайтын болар...

P.S. Мынау фотодағы Гонконгтан вирус "жұқтырып" Иокогамада "тұтқындалған" һәм сол жағалауда тапжылмай карантинде болған әйгілі Diamond Princess круиздік лайнерінің Капитаны.
"Қараң қалған кемеден" шығып келе жатқан ең соңғы Адам.

P.S.S. Вирустың емі табылып, әлем тынышталған соң бұ Чувак туралы фильм түсіріледі. 100% 




Көрілген: 630    Пікірлер: 0

сенбі, 07.03.2020, 10:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31