Сен тұр - мен айтайын!

Вот сондай «ұят» қоғамның сорына айналып барады...

  • Вот сондай «ұят» қоғамның сорына айналып барады...

    Вот сондай «ұят» қоғамның сорына айналып барады...

Қазақ әйелдері өлімнен ұятты биік қояды ғой. Күйеуінен, енесінен тіпті атасынан таяқ жеп жүрсе де сыртқа сырын білдірмейді. Ондай таныстарым жетерлік. Жақын туыстарымның арасында да бар. Вот сондай «ұят» қоғамның сорына айналып барады. Өзін қорғай алмаған әйел баласын қалай қорғайды? Жылына елімізде 2000 жуық балаларға қатысты қылмыс тіркеледі екен. Тіркелмей жатқаны қаншама? Оның 700 фактісі зорлық, жыныстық қол сұғушылықпен байланысты екен. Бұл сұмдық қой. Жыл сайын 2000 баланың тағдырына балта шабылады екен. Сол үшін қыркүйек айынан бастап «111 жедел қызмет» байланыс орталығы өз жұмысын бастайды. Оған азаматтар балалардың және жасөспірімдердің, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша жүгіне алады. Бұл өте дұрыс шешім. Бұл аз да болса отбасылық кикілжің пен қылмысты азайтады деп сенеміз. Бұндай жайттарға тап болған немесе таныстарының үйіндегі жағдайға сезіктенген әр адам осы орталыққа хабарласу арқылы балалардың қорғаушысы бола аламыз. Орталық «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған желі. Хабарласқан адамның жеке мәліметтері құпия болады.

Әлемде ешқандай бала жыламауы қажет. Ешқандай баланы алдауға, зорлыққа сүйреуге ешкімнің қақысы жоқ. Ешқандай әйел ешкімнің тепкісіне түспеуі керек. Әйел де бала да тұлға! Арсыз еркектерге ең ауыр жаза!

 

Ақбөпе Қалила
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1560    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.08.2020, 09:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30