Сен тұр - мен айтайын!

Времянка толы балалар, тағы қаншасын өртейтінімізді Құдай білсін

  • Времянка толы балалар, тағы қаншасын өртейтінімізді Құдай білсін

    Времянка толы балалар, тағы қаншасын өртейтінімізді Құдай білсін

Екі мыңыншы жылға дейін ауыл халқы қалаға жаппай ағылмады. Жастар малын бағып, балығын аулап, такси болып қалаға адам тасып, тірлік істеп ауылда тұрды. Сол кезде үйленіп бала-шағалы болғандарға бас иемін. Ешқандай жұмыс болмаса да бала-шағасын асырап жеткізді. Кейін экономика сәл оңалып қалада жұмыс орындары ашылғасын қалаға жаппай ағылды. Ағылмай қайтеді ауылда жұмыс болмаса. Жұмыссыз отыру жігітке сын емес пе, ауылда жұмыссыз болғанына намыстанып әзер шыдаған негізі. Ауылда ешкім қалғысы келмейді. Ауылда қалған бірен-саран жастардың тірліктері ерлікпен тең. Еш жұмыс болмаса да мал өсіріп, балық аулап, бала өсіріп жатыр.

Қалаға келген жастар табыс тауып үйленді. Времянка жалдамағанда қайда тұрады. Ауылға барып тұрайын десе жұмыс жоқ, бала-шағасын қайтіп асырайды.
Сондықтан әр балаға 3 жасқа толғанша 70-80 мың жәрдемақы төленсе, әр балаға 18 жасқа толғанша 20-30 мың жәрдемақы төленсе ауылда жастар тұрақтар еді. Қазақ саны көбейер еді. Тұрмыстары түзелер еді. Әке-шешесі ауқатты болса білімді жастар өсіп шығады, себебі оқытады, тоқытады. Қаншама жастың оқи алмай жүргені жасырын емес қой. Мемлекетке арқа сүйемей күн көретін нарықтық заман екенін білемін, бірақ оқу ақысын арзандату, баспана бағасын арзандату, айлықты өсіру, қымбатшылықты ауыздықтау сияқты жағдайлар жасалмаса халық қалай үйлі болады, қалай оқиды, қалай күн көреді. Баладан ақша аяимыз деп ауылдан қаланың времянкасына әкеліп қамап жатырмыз. Времянка толы балалар, тағы қаншасын өртейтінімізді Құдай білсін. Үкімет өз қолымен өртеп жатыр. 




Көрілген: 1088    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 10:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30