Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

10 жасында-ақ бойы әкесінен әлдеқайда ұзын болған

  • Фото: twitter.com/NANDANPRATIM

    Фото: twitter.com/NANDANPRATIM

Пәкістанда бойы 231 см болатын Мудассир есімді жігіт тұрады. 10 жасында оның бойы тіпті, әкесінен ұзын болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

 

Мудассирдің айтуынш, ата-анасы бойының ұзындығына алаңдаушылық білдірген.

 

"Мен мектепте және өңірдегі ең ұзын бала болдым. 10 жасымда бойым 182 см, ал орта мектепте 210 сантиметр болды. Менің бойым өсуін тоқтатпағандықтан ата-анам мен үшін қатты алаңдады. Олар менің неліктен бауырларымнан әлдеқайда ұзын екенімді түсіне алмады", - дейді ол.

 

2017 жылы ата-анасы Мудассирді дәрігерге апарған. Маман бойдың бұлай тез өсуі жас жігіттің гормоналды фонына байланысты екенін айтқан.

 

Десе де, пәкістандық дәрігер бойдың өсе беруі жалғаса ма деген сауалға жауап бере алмаған.

 

Әзірге Мудассирдің бойы 231 см, бірақ бұл Гуджардың өмірін едәуір қиындатуда.

 

 

"Қажетті аяқ киімнің мөлшерін табу мүмкін емес. Бәрін арнайы тапсырыспен жасату қажет. Киіммен де жағдай солай. Әуелі матасын алып, кейін тіккізуім қажет", - дейді Мудассир Гуджар.

 

Алайда бұл жігітке ыңғайсыздық тудыратын жалғыз нәрсе емес. Daily Mail-дың хабарлауынша, бойының тым ұзын болуына байланысты жігіт көлік пен мотоцикл айдай алмайды. Салонға оның аяғы мүлде сыймайды екен. Дейтұрғанмен, Мудассир жағдайды жақсы жағынан сараулауға тырысады екен.

 

Айтуынша, Пәкістанда оны бәрі таниды және көрген сайын онымен естелікке суретке түсіп қалуға тырысады екен.

"Маған қарапайым адам үшін жеңіл болып келетін нәрсені жасау қиынға соғатын болар, бірақ менің бойым - Құдайдың сыйы, мен оған ризамын. Мен танымалмын. Маған өзгелердің көңіл бөлгені ұнайды", - дейді Мудассир.

 

 

 




Көрілген: 3467    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.10.2020, 01:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...
    16 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қасқыр көрсең...
    14 Желтоқсан 2020
    Бүгін күн тұтылады
    9 Желтоқсан 2020
    Өліп, қайта тірілгендер
    2 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қарға көрсең...
    26 Қараша 2020
    Қыз әулиенің шашуы
    25 Қараша 2020
    Құмиян құпиясы
    19 Қараша 2020
    Абылайдың түсі
    10 Қараша 2020
    Қарияның қарғысы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31