Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

2020 жылдың маусым айына арналған барлық зодиак белгілерінің жұлдыз жорамалы

  • 2020 жылдың маусым айына арналған барлық зодиак белгілерінің жұлдыз жорамалы

    2020 жылдың маусым айына арналған барлық зодиак белгілерінің жұлдыз жорамалы

 Маусым айында махаббат, жеке өмір, қаржы және денсаулық саласында барлық жұлдыздарды не күтіп тұр?


Тоқтылардың
мақсаттарын жүзеге асыруға арналған жоспарлары дайын тұр. Бірақ жұлдыздар кейде бақылауды әлсіретіп, импровизацияға мүмкіндік беріңіздер дейді. Сонымен қатар эмоционалды қуат көзінсіз сізге осы айда жұмыс істеу қиын. Маусымның алғашқы декадасында орын алған оқиғалар сізді терең ойға салады. Дәл осы кезде өзіңізді сыйақы немесе өткен айлардағы еңбегіңіздің жемісі күтіп тұр. Тоқтылар бұған дейін айналысып тастап кеткен ісіне қайта оралуы мүмкін.

Торпақтарды маусым айында қоршаған ортасында үлкен өзгерістер күтіп тұр. Егер демалыс туралы ойланып жүрсеңіз, онда уақыты келген сияқты. Олай болмаған жағжайды сізді үйді жөндеу жұмыстары немесе қоныс аудару күтіп тұр. Айдың алғашқы жартысында материалды сұрақтар сізді мазалауы мүмкін. Бірақ мәселе оңынан шешіліп, әріптестеріңіз немесе достарыңыз көмектеседі. Осы айда Торпақтар сырт келбетімен айналысып, өздерін қалпына келтіре бастайды. Махаббатқа қатысты сауалдар 10 маусымнан кейін көтеріледі.

Егіздер айдың алғашқы жартысы ауған соң өздерін еркінірек сезінеді. Маусымның басында жоспарларыңыз бақылаудан шығып, орындалуы сәл кешуілдеуі мүмкін. Бірақ айдың соңында барлығы орындалады, жағымды жаңалықтар, достарыңыз бен туыстарыңызбен кездесу күтіп тұр. Жұлдыздар маусым айында Егіздер тиімді сауда жасап, үйдің кішкентайлары өзіңізді қуантады деген болжам жасайды. Басы бос Егіздер бұл айда интернет-роман құруы мүмкін. Бірақ бұл шынайы қарым-қатынасқа ауысу-ауыспауы белгісіз.

Шаян – алдыңғы айда талқылау деңгейінде қалған жоспарларыңыз бен идеяларыңызды жүзеге асыратын уақыт келді. Маусымның басында бұл жұлдыз белгісінде туғандар үшін шығармашылық және эмоционалдық шарықтау күтіп тұр. Бұл көңіл-күйіңіз қарқынды жұмыс істеп, ақша табуға көмектеседі, бірақ жақындарыңызбен кикілжің туындауы мүмкін. Бірақ реніштеріңіз көпке созылмайды, маусым қарым-қатынастар үшін жеңіл ай болмақ. Мұны пайдалануға ұмытпаңыздар, серігіңіз барлық идеяларыңызды қолдайды. Бұрыннан қордаланған мәселелерді талқылау қажет. Үйлену тойлары мен ірі сатып алуларды бұл айда жоспарламаған дұрыс.

Арыстан белгісінде туған жандар бұл айды үйі мен тұрмысын жақсартуға арнайды. Бұрын қашып жүрген шаруаларыңыз осы айда оңай орындалып, тіпті сізге ләззат сыйлайды. Айдың екінші жартысы үй шаруасындағы белсенділіктен іскерлік белсенділікке ауысады: ұжымжағы дауларды шешіп, өзіңіздің жеке шаруаларыңызбен айналысуға тура келеді. Жпеке өмір мен махаббат екінші планда: бұл сала маусым айында өзгеріссіз қалмақ. 22 маусымнан кейінгі апта Арыстандар үшін айрықша болмақ.

Бикештер – кез-келген істе ішкі түйсігі мен сәттілікке үміт артады. Бірақ жұлдыздар материалдық мәселелерде қатаң есеп пен логикаға сенім артуға кеңес береді. Ал қаржы саласында жақыныңыз табыс көзінен айырылуы мүмкін, ал сіздің керісінше мансап жолында жоғарылау күтіп тұр. Айдың екінші жартысында Бикештер демалуды жөн көреді – кейбірі денсаулығына байланысты. Айдың соңғы күндері қарбалысқа толы болады. Сізден ұйымдастыру қабілетіңіз талап етіледі.

Таразы – сіздің үнемі бәріне күмәнданатын әдетіңіз осы айда тіпті шегінен шықпақ. Маусымның бірінші жартысында күшіңізге күмәнданып, жақсы мүмкіндіктерді жіберіп алуыңыз мүмкін. Айдың екінші-үшінші аптасынан кейін сүйіктіңіздің қылықтары күмән туғызады. Жұлдыздар Таразыларға темірдей қатты болуға кеңес береді. Жағымды жаңалықтардан – маусымда сүйіктіңіздің туыстарымен қарым-қатынасыңыз жақсы арнаға бұрылып, қысқамерзімді сапарға шығуыңыз мүмкін. Сауда-саттықта жолыңыз болады.

Сарышаяндар – маусым айында адамдармен оңай тіл табысып, оны өз кәделеріне жарата алады. Соның нәтижесінде серіктестеріңізден жақсы ұсыныстар мен басшылықтар қызмет бойынша жоғарылатуға қол жеткізуіңіз мүмкін. Басы бос Сарышаяндар кездесулерге барып, жаңа қарым-қатынас бастамақ ниетте. Ал тұрақты қарым-қатынастағылар жоспар құрып, ірі сатып алулар жасап жатыр. Айдың үшінші бөлігінде емтихандар мен оқуға байланысты мәселелер күтіп тұр. Ең сәтті күндер – 5 маусым мен 10-15 аралығы.

Мерген – айдың басы кәсіби белсенділік үшін жарамайды. Жұмысыңызды ауыстырудың немесе жаңа жобаларды бастаудың қажеті жоқ. Оның орнына маусымның бірнеше күнін саяжайда немесе жақындарыңыздың ортасында өткізуге арнаңыздар. Айдың 10-нан кейін өміріңіздің ағысы жылдамырақ болады және сізден барлық салаларда бірдей белсенділік танытуды талап етеді. Бірақ қолыңыздан бәрі келеді, сондықтан бұрыннан жоспарлаған жағымды нәрсемен өзіңізді қуантуды ұмытпаңыз. Айдың аяғында барлығы саябырсиды, бірақ таныстарыңыздың жетістіктері сізді тыныш жатқызбайды.

Тауешкі – жаңа қызмет, серіктес, шабыт көзін іздегендер үшін маусым сәтті болмақ. Қажетті жерде қажетті уақытта болу арқылы қалағаныңызға ойламаған жерден қол жеткізесіз. Тауешкілер үшін маусым бұрын жіберген қателіктерін түзетуге мүмкіндік береді. Материалды сала қиындықтар әкелмейді, бірақ бұл жұлдыз белгісінде туғандар өздерінің шығындарын қысқартуға тырысуда. Ал махаббатта аяқасты іс-әрекеттерге баруға болады.

Суқұйғыштар жаңашылдықты аңсап, өздерін күтіп, түрлі диеталар бастап, сырт келбеттеріне өзгеріс енгізгісі келеді. Бірақ маусымда мұндай бастамалар сәтсіз аяқталуы мүмкін. Қалған жағынан жаздың бірінші айы жағымды болады. Оның алғашқы жартысы жоспар бойынша, ешбір кедергісіз өтеді. Ал айдың ортасына қарай әріптестеріңіздің міндеттері сіздерге жүктелуі мүмкін, бірақ бұл жәйт басшылықтың назарынан тыс қалмайды. Айдың соңында қолыңыз босап, бос уақытыңызды сүйіктіңізге немесе сүйікті хоббиіңізге арнай аласыз.

Балықтар үшін маусым көңілдеріне кірбің салуы мүмкін, олар әлі де болса жеке өмірде иллюзиялардан арылмаған. Өмірге шынайы, реалистік көзқараспен қарап үйреніңіз. Кейінгі мансабыңызға жағымды әсер ететін маңызды кездесу дәл осы айда орын алуы мүмкін. Егер жоспарларыңыз орындалмай, кедергілер көбейіп жатса, бәлкім стратегияңызды өзгерту керек шығар. Маусым айында демалыс жоспарлап қойыңыз. Сізге – демалыс, ал жақындарыңызға – назарыңыз бен көңіл бөлуіңіз қажет. 8 маусымнан кейінгі апта романтикалық қарым-қатынаста жағымда жаңалықтарын ала келеді.

Stan.kz

 




Көрілген: 1192    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2020, 18:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Тамыз, 15:02
    Мәйітханадағы түн
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31