Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

35 жыл бойы мүлде ұйықтамай жүрген әйел

  • Фото: Bastille Post

    Фото: Bastille Post

Қытайлық дәрігерлерді Хэнань провинциясынан келген ауыл тұрғыны қатты таң қалдырды. Ли есімді әйел 35 жыл бойы мүлде ұйықтамағанын айтып, ақ халаттылардан көмек сұраған деп хабарлайды Bastille Post басылымына сілтеме жасаған odditycentral.com сайты.

 

Ли бала кезінде сәл көз шырымын алу ол үшін мүмкін болғанымен, 5-6 жасынан бастап ұйқы дегеннің не екенін мүлде ұмытқанын айтады.

 

Бүгінде жасы 40-қа келген әйелдің мүлде ұйықтамай жүргенін ауылдастары да растап отыр. Олар әйелдің ұйықтамайтынына көз жеткізу үшін оны аңдып, тексеріп те көрген екен.

 

 

Күйеуі болса, әйелінің ұйқысыз жүріп, үй шаруасымен түнде де айналыса беретініне еті үйренгенін жасырмайды.

 

Бір қызығы, Ли жылдар бойы көз шырымын алмаса да, өзін шаршаңқы сезінбейді екен.

 

Дәрігерлер әйелге түрлі тексеріс жүргізіп, оған диагноз қоя алмай, біраз дал болған. Десе де, олар бұл жағдайдың құпиясын аша алған.

 

 

Ақ халаттылар анықтағандай, әйелдің ағзасы тынығудың өзгелерден ерекше жолын "тауып алған".

Ли айкезбеге ұқсас келетін дертке шалдыққан. Оның ояу жүргендей көрінгенімен, қысқа уақытқа ұйықтап кететін кездері болатыны анықталған.

Бұл уақытта Ли төсекке жатпайды, көзін жұмбайды, тіпті сөйлесуін де жалғастыра береді. Оның сәл ұйықтап кеткенін байқататын жалғыз жайт - көзқарасының өзгеруі және асықпай, кідіріп сөйлей бастауы.

 

Дәрігерлердің тұжырымымен Лидің күйеуі де келісіп отыр. Ол әйелінің кей кездері қимылы мен сөздері баяулайтынын талай байқаған екен, тек сол сәтте оның қысқамерзімді ұйқыда екенін мүлде білмей келген.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1266    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.09.2021, 17:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 10:03
    Керегедегі ақ лента
    21 Қаңтар, 10:05
    Тағдыр құпиясы
    21 Қаңтар, 02:04
    Акуланы жұтқан не?
    17 Қаңтар, 17:09
    Суықты сезбейтін адам
    14 Қаңтар, 17:06
    Шайтанның шақыруы...
    12 Қаңтар, 10:38
    Екі рет өлген жігіт
    31 Желтоқсан 2021
    Жатақханадағы сәби рухы
    22 Желтоқсан 2021
    Үкінің киесі
    10 Желтоқсан 2021
    Түсініксіз құбылыс
    27 Қараша 2021
    Қасқырдың киесі
    16 Қараша 2021
    Қабірдегі қорған...
    12 Қараша 2021
    Өзге әлем...
    5 Қараша 2021
    Кісі жұтқыш қылыш
    22 Қазан 2021
    Жын жабысқан қыз
    17 Қазан 2021
    Өлім деген не?
    14 Қазан 2021
    Өлімнің иісі...
    30 Қыркүйек 2021
    Қарғыстың тылсым күші...
    29 Қыркүйек 2021
    11 саны өлім белгісі ме?
    19 Қыркүйек 2021
    Уақыт
    16 Қыркүйек 2021
    Жалғыз аяқ жол
    15 Қыркүйек 2021
    Жын жабысқан жігіт...
    14 Қыркүйек 2021
    Балбал-қыз...
    13 Қыркүйек 2021
    Cу перісін сүйген жігіт
    11 Қыркүйек 2021
    «Тораңғылы» сиқыры

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31