Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

43 жыл бала сүйе алмаған әйел 68 жасында егіздерді дүниеге әкелді (фото)

  • Фото: Lagos University Teaching Hospital

    Фото: Lagos University Teaching Hospital

Нигерияның Лагос қаласында 68 жастағы әйел адам егіздерді дүниеге әкелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

 

Маргаретт Аденуга және оның 70 жастағы күйеуі Ноа Аденуга 43 жыл бойы сәби сүйе алмай келген. Маргаретт төрт рет жасанды ұрықтандыру процедурасын жасатқан, алайда оның тек соңғысы сәтті шыққан.

 

Жүктіліктің 37-ші аптасында (жүктіліктің қалыпты ұзақтығы шамамен 38 апта). дәрігерлер Маргаретке кесар тілігін жасауды ұсынған. Осылайша, бірі - ұл, бірі - қыз егіздер дүние есігін ашады.

Қазір анасының да, жаңа туған нәрестелердің де жағдайы жақсы.

 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Үндістанда 57 жыл бойы бала сүйе алмаған 74 жастағы зейнеткердің егіз қыздарды босанғанын хабарлаған едік. Эрраматти Мангаяммаға да кесар тілігі жасалған.

 

Белгілі болғандай, қарт кісі ешқандай қант диабеті және гипертензия сияқты медициналық аурулары болмағандықтан бала көтере алған.

 

Ал 2017 жылы Үндістанның Амритсар қаласының тұрғыны алғашқы рет 72 жасында ана атанып, жүктіліктен кейін денсаулығы нашарлаған еді.

 

Әжейдің қан қысымына, әлсіз буындарына зақым келген. Дегенмен зейнеткер осы жасында бала сүйгеніне еш өкінбейтінін айтқан.

 




Көрілген: 838    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.04.2020, 09:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы
    3 Сәуір, 11:08
    Ажал...
    25 Наурыз, 09:58
    Кенеттен шам сөнді...
    19 Наурыз, 10:29
    Пері мен долы әйел
    10 Наурыз, 14:17
    Пері...
    6 Наурыз, 09:14
    Нәрестенің киесі...
    23 Ақпан, 23:10
    Мәңгілік деген не?
    19 Ақпан, 11:21
    Қамшы ұстаған әруақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30