Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

6 жасар қыз 26-қабаттан құлап аман қалды (видео)

  • Видео кадры

    Видео кадры

Қытайда кішкентай қыздың ғимараттың 26-қабатынан құлап бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бақытымызға орай, жантүршігерлік апаттан кейін бүлдіршін таңғажайып түрде аман қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.


Көпқабатты үйдің 26-қабатында тұратын ата-ана 6 жасар қыздарын пәтерде жалғыз қалдырып, кетіп қалған. Бүлдіршін оянғанда ата-анасын іздеп, абайсызда терезеден құлап кетеді. Оның жантүршігерлік құлау сәті ғимаратта орнатылған камераға түсіп қалды.


Бірақ, ең таңғажайып кадрлар гараждың ішінде түсірілген. Оның шатыры қыздың құлауын бәсеңдетсе керек, себебі бүлдіршін соның арқасында аман қалды. Гараж ішіндегі бейнебақылау камерасына түсірілген кадрда қыздың құлағаннан кейін біраз уақыт жерде жатып, сосын ештеңе болмағандай орнынан тұрып, ата-анасын іздей кеткені анық көрінеді.


Бұл жағдай белгілі болғаннан кейін, қызды шұғыл түрде Чунцин қаласындағы ауруханаға жеткізді. Таңғаларлығы, тексеруден кейін оның тек қолын сындырып алғаны анықталды.


 




Көрілген: 1042    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 09:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қыркүйек, 11:17
    «Жұма, 13-і»...
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...
    2 Қыркүйек, 10:15
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Қыркүйек, 16:35
    Жын-шәйтан туралы
    31 Тамыз, 10:25
    Пәтер
    29 Тамыз, 10:23
    Елес ауыл
    31 Шілде, 11:14
    Дуаның күші...
    29 Шілде, 15:48
    Махабаттың құдіреті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31