70 сағат қабірде жатқан 79 жастағы әжей тірі қалды
Қытайдың Шэньси провинциясында 58 жастағы ер адам анасын тірідей көмуге тырысқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne басылымына сілтеме жасап.
 
Оқиға мамыр айында болған. Сал ауруы бар 79 жастағы әйел табылып, ауруханаға жеткізілгенге дейін қабірде 70 сағаттай тамақсыз және сусыз қабірде жатқан.
 
Құтқарылғаннан кейін ол ұлының түрмеге қамалуы мүмкін екендігіне алаңдаушылық білдірді. Әйел қыркүйек айында қайтыс болды. Ер адамға қасақана кісі өлтірді деген айып тағылды.
 
Бұл істі Юлинь округінің Цзинбиань аудандық соты қарады. Сотталушы кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
 
Мамыр айында келіні әйелдің жоғалып кеткендігі туралы полицияға хабарлаған. Оның айтуынша, үш күн бұрын күйеуі анасын арбаға отырғызып, бір жерге алып кеткен. Келесі күні таңертең ол жалғыз оралған және анасын туыстарына жібергенін айтқан.
 
Жауап алу кезінде ер адам анасын зиратқа апарып, қараусыз қалған молаға тастап, топырақпен жауып тастағанын мойындайды.