8 наурызға арналған жұлдыз жорамал

8 наурызға арналған жұлдыз жорамал

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

 

Тоқты

 

Жақындарыңызбен қарым-қатынаста адалдық пен әділдікті таңдаңыз, алдап, өз міндеттеріңізді басқаларға жүктеудің қажеті жоқ. Өзіңіз естіген тұрмыстық лайфхактардың бірнешеуін қайталап көріңіз. Олар сіздің үйдегі тірлігіңізді жеңілдете түседі.

 

Торпақ

 

Бұл күн махаббатыңыз туралы ашық айтатын, сыйлық сыйлап, сезімнің жетегінде жүретін күн. Сезімдеріңізді білдіруде батыл болыңыз. Салауатты өмір салтын ұстанатын уақыт келді: дұрыс тамақтануға тырысыңыз, спортпен айналысыңыз, жүзуге барыңыз.

 

Егіздер

 

Әріптестеріңіздің сырт келбетін сынамаңыз, тіпті қатты сынағыңыз келсе де. Бұл өзіңізге жағымсыз әсер етуі мүмкін. Өзіңізді романтикалық фильмнің кейіпкеріндей сезініңіз. Сүйіктіңізбен қаланың сыртына шығып, романтикалық кеш ұйымдастырыңыз.

 

Шаян

 

Өзгелердің кеңесіне құлақ аспаңыз: олардың кеңесінің пайдалы болуы екіталай. Саяхат, ойын-сауық және сауда жасаудан бас тартыңыз. Ақшаңызды босқа жұмсамаңыз. Әріптестермен бейресми қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөліңіз, сіз одан ләззат алып, қанағаттана аласыз.

 

Арыстан

 

Бүгін күйік шалу не жарақат алу қаупі жоғары. Ондайға жол бермес үшін өте мұқият және абай болыңыз. Күн жарқын эмоцияларға толы болмақ. Күннің бірінші жартысы қолайлы: көп іс бітіресіз, барлық жоспарыңызды орындайсыз. Басқаларға көңіл бөліңіз: көмектесіңіз, тілектерін тыңдаңыз, олардың өміріне қызығушылық танытыңыз.

 

Бикеш

 

Болашақта дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін пайдалы ақпарат алыңыз. Сонда басқалармен оңай тіл табысасыз. Бүгін тәуекелге бармауыңыз керек және қатты шаршасаңыз да жұмысты немқұрайлы істемеуіңіз керек, бұл үшін сізге сөгіс жариялану қаупі бар.

 

Таразы

 

Күн қиын болады, бірақ күш-жігер мен табандылық мақсаттарыңызға жетуге көмектеседі. Қолайсыз жағдайда сіз өзіңізді сенімді сезінесіз. Қалағаныңыздан бас тартпаңыз. Бүгін кешке достарыңызбен дүкен аралауға тамаша күн, уақытыңызды қызықты өткізесіз.

 

Сарышаян

 

Достарыңызға жақсы жаңалықты бөлісер алдында жеті рет ойланыңыз. Кейде өзіңіздің өміріңіздегі жағымды жаңалықтарды бөліспеген дұрысырақ. Табанды және шыдамды болыңыз. Бұл аз күш қажет ететін жағдайларға да қатысты. Ескі проблемалар қайтадан алдыңыздан шығады.

 

Мерген

 

Егер серіктесіңізбен соңғы уақытта жиі ұрыссаңыз, онда маңызды мәселелер бойынша әңгімелесетін уақыт келді. Өз шекараңызды қорғауға дайын болыңыз. Бұл күн қарқынды және нәтижелі болады. Сіз жігерлі және табанды жансыз. Әккі болсаңыз, ерекше шешімдер таба білсеңіз, кедергілерді де тез жоя алатын боласыз. Болашағы бар бизнеспен айналыса бастайсыз.

 

Тауешкі

 

Өз пікіріңізді әдепті түрде білдіруді әдетке айналдырыңыз. Бүгін бұл әсіресе пайдалы. Ең болмаса аз уақытқа тәттіден бас тартыңыз: ол сіздің сымбатыңызға және денсаулығыңызға жақсы әсер етеді.

 

Суқұйғыш

 

Ойыңыз шаршаңқы болып тұрғанын сезінсеңіз және жұмысқа кірісу қиын болып жатса, демалыс алу туралы ойланғаныңыз жөн, кем дегенде бірнеше күн демалыңыз. Тек жақсы нәрселерді жазатын алғыс журналын жүргізіңіз. Бұл сізге жақсылыққа назар аударуға және оны еске түсіруге мүмкіндік береді.

 

Балықтар

 

Маусымдық тағамдардан дәм татып көріңіз. Бұл өміріңізді қызықты ете түсуге септік болады. Бүгін - зиянды әдеттерден арылуға алғашқы қадам жасау үшін тамаша күн.

 

 

 

Кaz.nur.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста