80 жыл бойы тамақ ішпеген адам

01 қаңтар 2023, 21:04

Индияда тұратын 89 жастағы Джани Прахлад 80 жылдан бері  тамақ ішпей өмір сүріп келеді. Ол, тіпті су да ішпейді. Бұлай болуы мүмкін бе? Қазіргі ғылым адамның сусыз, тамақсыз өмір сүретініне сенімсіздікпен қарайды. Соған орай, ғалымдар Джани Прахладты бірнеше мәрте арнайы зертханада тексеруден өткізген. Бірақ, үндістандық  тамақсыз өмір кешетін азамат өзінің шынында да ештеңе ішіп-жемейтінін іс жүзінде дәлелдеген.

Бұл қасиет пе, әлде табиғи құбылыс па?

Джани Прахладтың  айтуынша, 8-9 жасқа келген шағында түсіне  индуизм дінінде фәни жалғанның иесі болып табылатын Кали тәңірия кіріп, оның тіліне қолын тигізіп, баланың бойына ерекше қуат құйған. Міне, содан бастап ол тамақ ішіп-жемейтін болған. Қызығы сол, не су ішпейтін, не тамақ жемейтін ол басқа адамдар сияқты қалыпты өмір кешуде.

Гиннестің рекордтар кітабына енген Ангус Барбьери 382 күн тамақ ішпеген екен. Оның салмағы 207 келі тартқан. Ауыр салмақтан зардап шеккен жігіт артық салмағын тастап, қалыпқа түскісі келеді. Осылайша, ішіп-жеуден тыйылады. Тек аздап су ішіп, витамин қабылдайды. Ол дәрігерлердің қатаң бақылауында болады. Сөйтіп, 382 күндік ашығудан кейін артық салмақтан арылып, қалыпқа түседі.

Ал индус Джани Прахлад мүлдем ішіп-жемейді және қызығы сол, артық салмағы да жоқ, әлсіреп тұралап та  қалмайды. Ұзын бойлы ақрықша келген қарияның сыртқы келбетінде өзгелерден еш айырмашылық жоқ. Оның мүлдем тамақ ішпейтініне айналасындағылар болмаса, өзге жұрт, соның ішінде ғалымдар сенімсіздікпен қарайды.


Ғылыми зерттеудің нәтижесі

Үндістандық тамақ ішпейтін адамға қатысты ғылыми зерттеу 2003 жылы жүргізілді. Қызығы сол, өзін зерттейміз дегендерге Джани Прахлад еш қарсылық танытпай, бірден келісімін берді. Оны емхананың арнайы бөлмесіне жатқызып, видеокамера  арқылы барлық әрекетін бақылауға алды.

Бар өмірін иогамен айналысуға бағыштап келе жатқан Джани Прахладтың өтірігін ашпақ болған 100-ге тарта түрлі салада еңбек ететін ғалымдар осы зерттеуге қатысты. Рас, ол аузын сумен анда-санда шайып тұрады, бірақ су ішпейді. Тамақ мүлдем берілмеген. Он күнге созылған тексеру барысында ғалымдар одан еш ауытқушылық таппады. Тек жалғыз ерекшелік: оның қуығына сұйық жиналып, содан кейін қайта тәнге сіңіп жоғалып отырады екен. Бұдан басқа ешқандай ауытқушылық жоқ болып шықты.

2010 жылы Джани Прахлад екінші мәрте жан-жақты зерттелді. Бұл жолы оны елдің қорғаныс саласының ғалымдары зерттеді. Олар Джанидің бойынан ерекшелік тауып, соны пайдалана отырып, тамақ ішіп-жемейтін суперсарбаздарды жасау жобасын жүзеге асырмақ болады.

Екі аптаға созылған зерттеу кезінде Джаниге күн сәулесін қабылдап, тіпті ваннаға шомылуға да рұқсат етеді. Ол аузын сумен анда-санда шайып отырады. Бірақ не су, не тамақ ішпейді. Бейнекамерамен бақылау барысында өткен зерттеу кезіндегідей ешқандай күмән туғызатын әрекет байқалмаған. Екі жеті бойы зертханада ғалымдардың көз алдында болған Джани Прахлад  өзінің өмір бойы тамақ ішпей келе жатқанын тағы да дәлелдеп шықты.

Түйін: 80 жыл бойы аузына нәр алмай, толыққанды өмір кешіп келе жатқан индус иогы Джани Прахладтың бұл қасиетінің құпиясы әзірге ғылымға белгісіз болып тұр. Осыған орай, оның айтқан Тәңірия Кали сыйлаған  қасиет  деген сөзін қабылдаудан басқа амал жоқ.

akikat01.com