Адам жегіш "Янбай" ағашы және құпия құдық

Адам жегіш "Янбай" ағашы және құпия құдық

Мына жалғанда адамзат баласы әлі сырын аша алмаған талай тылсым дүние көп. Әлемнің әр түкпірінде адамның ақылына сыймайтын сырлы дүниелер кезігіп жатады.

 

Мысалы, Қазақстанның батысында ауа-райын анықтайтын жұмбақ құдық болса, Қытайда билейтін ағаш өседі екен. Индонезияда адамды жейтін ағаш өссе, Алжирде киім тазалағыш ағаш тұрғындардың кәдесіне жарайтын көрінеді. Осындай сыры беймәлім құбылыстарға қысқаша тоқталғанды жөн көрдік.

 

Биші тал

 

Қытайдың көрікті Шишуаңбанна деген жерінде, Мыңла ауданының маңындағы ежелгі орман ішінде билей алатын сәмбі тал бар. Егер осы ағаштың қасында музыка таспасын қойсаңыз, ағаш музыка ырғағына ілесіп, биге басады. Бұдан да ғажабы егер қойылған әуеніңіз жеңіл музыка немесе лирикалық ән болса, ағаш мың бұралған биші арудай тербелісін өзгертіп отырады. Музыка шырқау биікке көтерілген сайын ағаштың биі де әсемдене түседі. Егер көтеріңкі екпінді, лирикалығы солғын немесе шуылы көп музыканы қойсаңыз, ағаш билемей қояды екен. Сондықтан жергілікті тұрғындар оған «билейтін ағаш» деп ат қойған.

 

Адамды жейтін «Янбай»

 

Индонезияның Ява аралында адамды жеп қоятын қорқынышты ағаш бар екен. Жергілікті тұрғындар оны «Янбай» деп атайды. Жайшылықта бұл ағаштың бұтақтары шұбалып, жайылып жатады. Ал адам болсын, аң болсын байқамай бұтақтың біріне тиіп кетсе, ағаш бұтақтары әп-сәтте шырмап алады. Сондай-ақ ағаш бұтақтарынан жабысқақ сұйықтық ағып, шырмалған денені ірітіп жібереді. Соңынан бұтақтарын қайтадан жайып, келесі орайды күтеді екен.

 

«Кір тазалағыш» ағаш

 

Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауында орналасқан Алжир елінде таңғажайып, қабығы қызыл, бұтағы жуан, жапырағы қалың ағаш өседі. Жергілікті тұрғындар оны «Бодан» деп атайтын көрінеді. Бодан сөзі - «кір кетіру» деген мағына береді екен. Тұрғындар кірлеген киімдерін ағашқа орап қойып, бірнеше сағаттан соң, таза сумен шайып жіберсе болғаны, киім тап-таза болып шыға келеді. Негізінде бұл ағаштың қабығы тесіктер арқылы сарғыш түсті сұйықтық бөліп шығарады. Ал сұйықтықтың құрамындағы сілті кірді тез кетіреді екен, яғни тазартқыш рөлін атқарады.

 

Құпиялы құдық

 

Жер көлемі жағынан Қазақстанның алдыңғы қатарлы он мемлекеттің қатарына кіретіні белгілі. Жер байлығы да жетерлік. Жер қыртысы да әртүрлі болып келеді. Кең жазық даламызбен, биік тауларымызбен, тағы басқа да сұлу табиғаты жарасқан сулы да нулы жерлерімізбен мақтана аламыз.

 

Бірақ, біз әлі де туған жерімізді толық зерттеп, үдесінен шықтық деп айта алмаймыз. Осы үлкен де ұлы аймақта құпиясы көп орындар жетерлік. Сондай өңіріміздің бірі - Маңғыстау үстірті қойнына өткендегі тарихымыз бен тағы басқа құндылықтарымызды бүгіп жатқан өлке.

 

Осы үстіртте бір ғажайып құдық бар. Ол туралы Ресейден шығатын «Тайны ХХ века» апталығы қысқаша болса да мәнді мәлімет жариялапты. Онда былай деп жазылған: «Үстіртте бір таңғажайып ескі құдық бар. Оның алдын ала сездірген қасиеті арқылы ауа райының қалай болатынын білуге болады. Қар немесе жауын жауарда және тұман түсер алдында құдық ауаны ішіне қарай тартады да, күн құрғақ, жауын-шашынсыз болатын болса, ауаны сыртка шығарады. Оны білу үшін осы мезетте қандай бір жеңіл нәрсені құдыққа тастасаңыз, құдық түбіндегі суға батпай, кері шығады».

 

vk.com

 

 

alashainasy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста