Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Адам өлгеннен кейін белсенді әрекетке көшетін зомби жасушалар табылды

  • https://www.kinonews.ru/

    https://www.kinonews.ru/

Адам өлгеннен соң организмдегі барлық жүйе өз қызметін тоқтатады деген қасаң түсінік қалыптасқан. Жүректің соғуы тоқтап, оттегінің қан арқылы өзге ағзаларға жету жолы жабылады. Осыған қарамастан мидағы кей жасушалардың адам өлген соң тек өз функциясын орындап қоймай, сонымен бірге, өлі тіндегі өз генінің экспрессиясын, яғни, белсенділігін айтарлықтай арттыратыны белгілі болды.

 

Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Scientific Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Мұндай таңқаларлық жаңалықты Чикаго қаласындағы Иллинойс университетінің (University of Illinois at Chicago) ғалымдары ашты.

 

Аталған америкалық жоғарғы оқу орнындағы адам миының тіндерін сақтайтын биорепозиторияның болуы осынау жаңалықтың ашылуына себеп болғанын айта кету керек.

 

Мұнда ми үлгілері адамнің өлгеніне көп уақыт өте қоймаған кезде немесе қандай да бір неврологиялық аурудан зардап шегетін науқастың тінін отамен сылып тастаған кезде түседі.

 

Бірыңғайда адам миының банкі ретінде алға шығатын бұл орын ғалымдарға шизофрениядан, талмадан, Альцгеймерден, т.б. ми мен жүйкеге қатысты түрлі аурулар мен ауытқуларды зерттеуге мүмкіндік берген.

 

Дәрігер Джеффри Лёб Иллинойс университетінің нейрорепозитория директоры

Фото Jenny Fontaine/UIC

 

Ғалымдар бұл бағытта ең алдымен ота жасалынған адамнан сылып алынған тін мен репозиторияда жатқанынан 12 сағаттан артық уақыт кеткен тіннің арасындағы айырмашылыққа назар аударған.

 

Ескі тіндегі кей гендердің экспрессиясының жоғары екенін байқаған. Осыдан кейін бұл құбылысқа ете мән беріп, зерттеуге кіріскен.

 

«Біз бұл тіндерге симуляция жасап, ондағы барлық геннің экспрессиясын өлгеніне 0-ден бастап 24 сағатқа дейін уақыт өткенше қадағалауды ұйғардық. Ол үшін біз үй температурасы жағдайында қалдыруды жөн көрдік»,- деп атап өтті аталмыш зерттеуге атсалысқан Джеффри Лёб (Jeffrey Loeb).

 

Бұл тіндердегі гендердің көп бөлігі 24 сағат ішінде өз қызметін өзгертпеген. Ал нейрондағы гендер адам өлгеніне бір сағат өтпей жатып дегредацияға ұшырай бастаған. Керісінше «зомби гендер» адам өлген соң өзінің белсенділігін арттырған.

 

Ғалымдар артынан анықтағандай, бұл гендер мидағы қорғаныс қызметін атқаратын глиалды жасушалармен байланысты болып шыққан.

 

Мұндай белсенділікті ғалымдар былайшы түсіндіріп отыр: глиалды жасушалар немесе нейроглия ми жарақат алғанда немесе инсульттан кейін ғана қызметіне кіріседі. Олар миды өлген жасушалардан тазартады.

 

Бұл тарапта жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, нейроглия тін өлген соң өсіп, 24 сағаттан соң белсенділігі жоғалып, өзін қоршаған өлі тінге «сіңіп» кетеді.

 

Глиалды жасушалар ми өлген соң өсуін жалғастырады

Фото Dr. Jeffrey Loeb/UIC

 

Бұл жаңалық несімен құнды? Ғалымдар аталмыш жаңалықтың өз кезегінде адамның жүйке тінін зерделеудің тәсілін өзгертуге мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.

 

 

 




Көрілген: 1979    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 10:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Мамыр, 19:18
    Қабірдегі өмір
    25 Сәуір, 10:31
    Әруақ
    23 Сәуір, 17:26
    Өң мен түстің арасы
    12 Сәуір, 11:09
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Сәуір, 09:04
    ӘКЕ ҚАРҒЫСЫ
    20 Наурыз, 01:59
    Аян берілер түстер...
    19 Наурыз, 16:02
    Түннің құпиясы
    16 Наурыз, 22:21
    ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ
    13 Наурыз, 02:03
    Жанның мекені қайда?
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31