Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Адам сүйегі табылған ауласынан ақ жамылған адамдардың елесі көрінген

  • https://qarmaqshy-tany.kz/

    https://qarmaqshy-tany.kz/

Халқымыздың ұлт ретінде жойылып кете жаздағанын, 40-тан астам рудың шежіресі тоқтап, қазақтың жартысы тоталитаризм туғызған нәубеттен қырғын шеккенін бұған дейін де көрсеткен Еуразия бірінші арнасы бұл жолы саяси қуғын сүргін құрбандарының ұрпақтарын сөзге тартты.

 

31 мамыр қарсаңында тарихшы Жамбыл Артықбаевтан бір деректерді естіп, жолға шықтық. Астана-Көкшетау арасындағы күре жолда блок-бекеттен де тексерді. Тиісті анықтама, құжаттарымызды көрсеттік. Бағытымыз елордадан 70 шақырымдай қашықтағы Жолымбет ауылы. Мына ақселеулі жазық дала, қырат-белестердің асты тұнған кен байлық екенін Кеңес үкіметі 20-30-жылдары-ақ, әбден зерттеп, лагерьлерді де арқада төсіне салған сыңайлы.

 

Біз астанадан арнайы іздеп келген көне ғимараттар осы. Бұл жерде 1953 жылға дейін немістер, жапондар, басқа да тұтқындалған ұлттар осы жерде жазасын өтеген. Олар осы маңдағы тау-кен, қазба, құрылыс жұмыстарына тартылған.

 

Болат Ыдырысов, Жолымбет ауылының тұрғыны:

 

- Мынау түрменің орны сол. Жапондар, бірінші жапон соғысы болды ғой, содан түскен пленниктерді алып келді.

 

Сексеннің сеңгіріне шыққан Болат Ыдырысов 47 жыл осы Жолымбетте "шопыр" болған екен. Ол талай басшы, қосшы, ауылға келген қонақтарды тасып жүріп, естіген біраз әңгімені, деректерді жадында сақтаған. Тіпті, бала күнінде көргені оқиғаларда көз алдында.

 

Болат Ыдырысов, Жолымбет ауылының тұрғыны:

 

- Оларды жолатпайды ғой. Қоршап, итпен ұстап алып барады. 50-жылдары кете бастады ғой. Пленниктерді. Олар кетті жапондар, венгрлер бәрі. Содан кейін өзімізге түрме қылды. Сотталғандар осында отырды. Өте көп болды ғой соғыстан кейін сотталғандар. Сосын қай жылы, 69-дан бұрын осы лагерь жабылды. Осыдан кейін бұл зданилерді швейный қылды.

 

Ауылдың іргесіндегі мына тау-төбелер, шахталар сол заманнан бар. Әлі қазылып жатыр. Бағалы түсті металл өндіріледі. Оны қазу үшін Кеңес билігі жан-жақтан қуғын-сүргінге ұшыраған тұтқындарды әкелген.

 

Ольга Корниенко, мектеп музейінің жетекшісі:

 

- 33-ші Ақмола лагерінің 5-ші филиалы осы Жолымбет ауылында болған. Осы жерде 700-ден аса әскери тұтқындарды ұстаған. Ауыр жұмысқа шыдамай бірқатары өлген.

 

Болат Ыдырысов, Жолымбет ауылының тұрғыны:

 

 - Өлгендері зираты анау ғимарат тұр ғой фабрика, соның орнында. Соның астын қазғанда қазірге дейін сүйектер шығады.

 

Жамбыл Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы:

 

- Кез келген қазақтың отбасының тарихын алып қарасаңыз, 30-жылдардың аштығын көресіз, 37-репрессия, одан қалды соғысты көресіздер, осындай қиыншылықтарды көресіздер. Мына Жолымбет сол қиыншылықтардың музейі сияқты.

 

Белгілі тарихшы, ғалым Жамбыл Артықбаевтың да өмір тарихы Жолымбетпен байланысты. Әкесі аштық жылдары күн көріс үшін осы маңға келіп, кен орнында жүрген жерінен бозбала шағында саяси қудалауға түсіп. Карлагта жазасын өтеген. Бірақ соғыс жылдары жұмыс күші жетіспеген соң, қамаудағы техника мамандарын тағы осы кен орнына әкелген.

 

Жамбыл Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы:

 

- Біздің әкейлерді Карлагтан шығарып, осы жерге алып келеді. Аман қалғандарын. 47- жылға дейін әкей қызмет жасады.47 жылы Қазақстанда екінші толқын тазалау болды. Әкейді екінші рет ұстап, Карлагтан Иркутке барып, содан 53-жылдың күзінде Сталин өлген соң босап шықты.

 

Қуғын-сүргін тұтқындарына арналған Ақмола лагерінің бірнеше филиалы болған. Бірі Жолымбетте орналасса, бірі АЛЖИР. Тарқатып айтсақ, отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері. Бүгінде музейге айналған бұл кешеннің мұрағатындағы жәдігерлердің арасында Алжирге 4 айлығында келген сәбидің көрпесі сақтаулы. Оны анасымен бірге осы жерде тұтқында болған Мая Кляшторная есімді әйел әкеліп тапсырған. Қазір Беларусьте тұрады.

 

Гүлнұр Төлепбергенова, "АЛЖИР" музейінің қызметкері:

 

- Аналары қандай қиындық көрсе, балалары одан бетер көрді. Балалық шақтың не екенін білген жоқ. Жөргекте оралып келген балалар, осы жерден тәй тәй басып, мектепте оқыды. Қаншама жыл бойы сақтап, біздің мұражайымызға табыстады.

 

Ғарифолла Әнес, тарихшы:

 

- Сол атылған зиялыларды бір әңгіме шықты. Органның НКВД-ның адамдары шоферлар мешокке салып, апарып Боралдайға көмді деген әңгіме бар. 19 қарком, оның ішінде бесеуі қазақ.

 

Ал осыдан бірер жыл бұрын ауласына жаңа үй салып, құбыр тартып жатқан кездеТалғар ауданының байырғы тұрғыны ауласынан 56 адамның сүйегін тапқан. Тіпті, бала кезімізде елесін көріп жүрдік, бірақ ауламызда олардың сүйегі жатқанын білген жопыз дейді, Мұрат Байғожаев.

 

Мұрат Байғожаев, Жаңалық ауылының тұрғыны:

 

- Даладан су құбырын осы жерге кіргіздікте, үйге қарай су тарттық. Тура осы жерден сол адамдар табылды. Кезінде жас кезімізде бізге көрінген. Түнде далаға шығайын деп ауыз үйге келгенде ақ киімді адам тұрды. Мамам, әпкелерім, біз де көрдік дейді.

 

Деректерге сүйенсек, сол жылдары Қазақстанда 100 мыңнан аса адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мыңдайы ату жазасына кесіліпті. Басым көпшілігі саяси сауатты, зиялы қауым, ғылым өкілдері. Бірақ қуғын-сүргін жылдарының ақтаңдақ беттері әлі толық ашылған жоқ.

 

kaz.zakon.kz




Көрілген: 1578    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 16:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 11:50
    О дүниеден оралған жігіт
    25 Қыркүйек, 13:49
    Жын мен жігіт
    24 Қыркүйек, 14:37
    Көріпкелге бармаңыз...
    21 Қыркүйек, 14:17
    Гипнозбен тонап кетті...
    17 Қыркүйек, 14:27
    Алтын көшкен түн
    15 Қыркүйек, 13:58
    Пері соққан Болатқан...
    9 Қыркүйек, 13:31
    Әкенің киесі...
    2 Қыркүйек, 15:02
    Бір түнде қартайған екен
    11 Тамыз, 15:02
    Мәйітханадағы түн
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30