Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Адамдар арасында жүрген жын (видео)

  • Адамдар арасында жүрген жын (видео)

    Адамдар арасында жүрген жын (видео)

Мына бейнежазбаның 34-ші секундты келгенде анықтап қарасаңыз бойының ұзындығы шамамен 150-160 сантиметр болатын жүрісі адамға ұқсас әлдебір нәрсені байқауға болады. Және ол келе жатқан топтың ішіне еніп, ғайып болып кеткені көрінеді. Осы роликті бірнеше мәрте көріп шыққан дінтанушылар бұл нәрсенің жын немесе пері болуы мүмкін деп жорамалдауда.


Жынның бар екеніне күмән келтіру адамның мұсылмандықтан шығуына себеп болады. Яғни, жындардың бар екеніне сенбейтін адам мұсылман емес. Жындар ауа мен оттан жаратылған. Оттың жалыны көрінбейді. Құрамындағы қатты молекулалар ыстықта жалтырап көрінеді. Сол үшін де жындар көзге көрінбейді. Жалын екіге бөлінеді: зулмани және нурани. Екеуін де көзбен көру мүмкін емес. Зулмани жалыннан жындар, нурани жалыннан періштелер жаратылған. Топырақтан (әр түрлі элементтерден) жаратылған адамдағы элементтердің органикалық күйлерге енетіні сияқты, періштелер мен жындардағы оттың да түрі өзгеріп, кез-келген сипатқа ене алады.


Жындардың да мұсылманы, кәпірлері бар. Періштелер мен жындар жаратылу тұрғысынан бір-біріне жақын. Періштелер қадірлі, ал жындар қадірсіз. Періштелерде жарық бөлігі, ал жындарда от бөлігі басым. Періштелердің жындарға жақындығы адамның жануарларға жақындығына ұқсайды. Адамзаттың ұлылары періштелерден қадірлі, жындар да жануарлардан қадірлі болып есептеледі.



 




Көрілген: 1297    Пікірлер: 0

жұма, 08.03.2019, 10:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам
    22 Наурыз, 22:42
    Сайтан неге адамға өш?
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31