Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Адамдар өлер алдында бірдей түс көретіні анықталды

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

АҚШ-та медицина қызметкерлері адамдардың өлер алдында бірдей түс көргенін анықтаған.

 

Хоспистік және паллиативтік көмек орталығының қызмекерлері (Баффало, Нью-Йорк) 10 жыл бойы 13 мың өлгелі жатқан пациентті зерттеген. Зерттеу барысында олардың 88%-ы өлер алдында бірдей түс көргенін анықтаған.  Зерттеу нәтижелері Pubmed  медициналық журналында жарияланған.

 

Пациенттердің көбі (72%) өлер алдында түсінде қайтыс болған туған-туысарымен және достарымен сөйлескен. Сондықтан олардың көңіл-күйі оянатын кезде көтерілген. Көз жұмғандардың жартысынан көбі  (59%) түсінде чемодандарын жинаған немесе билет сатып алған. Кейбіреулері пойызда кетіп бара жатқан немесе ұшақпен ұшқан.

 

Пациенттердің 29%-ы  түсінде тірі туыстарымен және достарымен сөйлессе, 28%-ы өмірлерінде болған оқиғаны көрген.  Алайда олардың ешқайсысы түсінде баласын көрмеген. Көбінесе үйдегі жануарларды көрген.  Сондай-ақ үлкен адамдарды көрген, бірақ оларды танымайтындарын айтқан.

 

Зерттеуде көрсетілгендей, бұндай түстер адам өлімінен 10-11 апта бұрын басталған, үш апта қалғанда түс көру жиілеген.

 

Әзірге бұны түсіндіру мүмкін емес.  Зерттеу авторларының болжамынша, адам өлімі алдында оның миында өзгеріс болады немесе адам өзінің өлетінін ойлағанннан осылай болуы мүмкін.

 

Бұған дейін коронавирустан сауыққан адамдар 140 күн ішінде қайта ауруханаға түсіп, әрбір сегізінші науқас қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 7608    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 21:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...
    16 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қасқыр көрсең...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31