Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Адамдардың қуатын соратын құбыжықтар

  • Адамдардың қуатын соратын құбыжықтар

    Адамдардың қуатын соратын құбыжықтар

Өлім деген адам баласы үшін жақын туыс-бауырларынан, жиған-терген байлығынан, атақ-мансабынан, ақырсында тіршілігінен айыратын құбыжық сияқты саналады және бүгінгі ғылым оның құпия сыры ешқашан аша алмайтынын мойындап қойған. Шындығында, Алла жаратқан өлімнің құпиясын адам баласы түсіне, тіпті бақылап, басқара да алуы мүмкін екен.


Өткенде бастаған әңгімемізді одан әрі жалғастырып, тәні өлген жігіттің басынан кешкендеріне қайта оралайық. Түнде ұйқыға жатқан жігіттің жүрек талмасы ұстап, кенеттен қайтыс болады. Бірақ оның санасы жоғалмай, керісінше, айналада болып жатқан жайлардың бәрін көріп, естіп, сезінеді.


Таңертең баласының өлі денесін көрген анасы дереу жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келіп қарап, жігіттің өлгенін анықтайды. Өзінің өлі тәнін көргенімен, оған еш ықпал жасай алмайтын жігіт кенет тағы бір қызықты жайға тап болады. Бұл кезде оның өлгенін естіп көршілері, таныстары да келе бастапты.


Сол адамдарға қараған жігіт әлгілердің жанында қосақталып жүрген, тіпті иықтарына, бастарына мініп алған құбыжық мақұлықтарды көреді. Өрмекші сияқты биіктігі екі метрге жететін құбыжық бір танысының басында отыр. Жәй отырмай әлгі мақұлық танысының басына ине сияқты тұмсығын сұғып алып, әлденені сорып жатыр.


Біреулер үлкен, енді біреулері кішіректеу мақұлықтар ол көрген адамдардың бәрінің қуаттарын соруда. Осыларды көрген жігіттің үрейі ұшады. Кейнірек анықтағанындай, адам бойындағы ауру деген әлгі көзге көрінбейтін мақұлықтардың тәннің қуатын соруы екен.


Атасымен кездесуі


Тәні өлсе де санасы жоғалмай, айналасындағы болып жатқан жайларды көріп, сезінген жігіт кенет адамдардың арасынан атасын көреді. Сәби кезінде қайтыс болған атасы жадында сақталмаса да, ол әлгі кісінің өз атасы екендігін жазбай таныйды. Оның жүзінен нұр төгіліп, тірі адамдардан ерекшеленіп тұрады.


Атасы бұған «қане, соңымнан ер» дейді. Жігіт оған үнсіз бағынып, соңынан ереді. Кенет қараңғы үңгірге енген жігіт бас айналдырар шапшаңдықпен ұша отырып, үңгірдің арғы бетінен шығады. Атасының соңынан көкте қалқи ұшқан ол шағын өзеннің жағасындағы бау-бақшалы әдемі үйге келіп қонады.


Атасы бұған қарап: «мен осында тұрамын, енді біраз күн сен де осында тұратын боласың» -дейді. Осылайша ол атасымен бірге әлгі үйде тұрып қалады. Бұнда уақыт өте баяу өтеді. Жыл мерзімдері деген жоқ, үнемі жарқыраған жаз. Тәбеті онша болмаса да, ол үнемі атасымен бірге тамақ жеп жүреді. Қызығы сол, атасының ешқашан тамақ істегенін көрмейді. Қайдан келетіні белгісіз, ыстық тамақ дастарханға өзі келіп тұрады.


Бұнда бәрі ақыл-ойдың көмегімен жасалады екен. Тіпті, атасы үйін де өз қалауынша ақыл-ойында пісіріп, жасап алыпты. Ол о дүние туралы көп нәрсені біліп, түйсінген. Айтуынша, бұл дүниеде қаншалықты игі істер жасап, иманды болсаң, о дүниедегі жағдайың да соншалықты жоғары болмақ. Күнәға батқан пенде төменгі қараңғы дүниеге құлайды және онда өмір сүру өте ауыр. Жоғарылаған сайын жарық көбейіп, өмір сүру жеңілдейді және қуаныш пен бақытты да молынан сезіне түсесің.


Өмір деген – бұл мектеп іспетті дейді атасы. Онда адам біраз нәрсені үйреніп, тәжірибе, білім алуы тиіс. Ал ештеңе алмай, өміріңді босқа өткізсең, өлгеннен кейінгі жағдайың өте ауыр болады. Жігіт атасымен балған уақыт аралығында о дүние туралы көп білім алады. Дегенмен, бұнда қалуына мүмкіндік болмайды. Атасы оған: «сен кері қайтуың керек, әлі уақытың келген жоқ» дейді. Осылайша, жігіт жерлеуге дайындалып жатқан сәтте табытта есін жинайды.


akikat01.com




Көрілген: 1671    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.04.2019, 18:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31