Адамның ақырғы демі: өлімнің тағы бір құпиясы

Адамның ақырғы демі: өлімнің тағы бір құпиясы

Халықаралық ғалымдар тобы ажалдың бәр сәтте болмайтынын, яғни, суішкілігі таусылған адамның бірден өліп кетпейтінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған New England Journal of Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Яғни, адамның мына дүниедегі ақтық сапары бір мезетте емес, біртіндеп жүзеге асады.

 

Сонымен ажал жастығына бас қойған адам қай уақытта толық мәйітке айналады?

 

Бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында ғалымдар қарқынды терапия бөлімінде жатқан, ажалы тақаған 600-ден аса адамның өмірінің соңғы сәтін қадағалап, зерделеген екен.

 

Олардың туған-туыстарының немесе отбасының келісімімен беті бері қарамайтын пациенттерді өмір сүруге қажетті нәрселермен қамтамасыз ететін жүйеден ажыратады. Адамның жантәсілім ету процесін қадағалай келе классикалық өлімнің «тік сызығы» деген ұғымды саналарынан сызып тастауына тура келеді.

 

Дәлірегі, адам жан тапсырар кезде кей пациенттердің жүрегі бір тоқтап, қайта соққан. Аталмыш процесс өлім халіндегі пациенттердің 14 пайызынан байқалған. Жүрек қызметінің тоқтап, қайта іске қосылуы бірнеше секундқа созылған. Тіпті, бір пациенттің тоқтап қалған жүрегі аттай 4 минут 20 секундтан кейін қайта соққанына куә болды.

 

Осы орайда айта кету керек: бұл зерттеудің мақсаты ажалы тақаған адамның қалай жан тапсыратынын қызық көріп, әуесқойлықты қанағаттандыру емес, ағза донорлығы мен трансплантациялау саласында қолданылатын стандарттарды қайта сүзгіден өткізуге саяды.

 

Аталған зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, адам өлгеннен соң 5 минут күту керек дейтін стандарттың растығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Осы уақыттан кейін донор процедурасына кірісуге болады.

 

Қосымша мәлімет: Жалпы медицинада өлім бірнеше сатыдан тұратын аса күрделі құбылыс &ndash термалды, биолгиялық және мидың өлуі.

 

Алғашқы сатысы &ndash преагоналды хал (агоня).

 

Бұл сатыда адамның санасы тұманданып, тілі күрмеліп, миға баратын және қандағы оттегі мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Осындай халге тап болған адамның бетін бері қаратуға болады.

 

Келесі саты  - клиникалық өлім: жүрек пен тыныс алу ағзаларының қызметі баяулайды.

 

Яғни, бұл сатыда организмдегі барлық өмірлік процестер сырттай қарағанда тоқтап қалғандай көрінеді. Дене темперутарыса төмендеп, яғни, адамның денесі суып, оттегі мөлшері қатты төмендейді. Соған қарамастан организмдегі оттегі мөлшері жасушаларды қоректендіруге жеткілікті деңгейде болады. Бұл саты 5-6 минутқа созылуы мүмкін. Бұл сатыда да адамның бетін бері қаратып алуға болады деп есептейді.

 

Осыдан кейін биологиялық өлім басталады:

 

организмдегі барлық процестер тоқтайды әрі оларды қалпына келтіру мүмкін болмайды.

 

Оттегі мен өзге де қоректік заттар болмағандықтан организмде ыдырау процесі басталады.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста