Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

АҚШ бизнесмені өлімнен кейінгі өмірдің бар-жоғын анықтаған адамға $1 млн сыйақы бермек

  • Фото: zitelizemli.ru

    Фото: zitelizemli.ru

Адам болмысы мен сана-сезімін зерттеумен айналысатын қордың негізін қалаған америкалық кәсіпкер Роберт Бигелоу өлімнен кейінгі өмірдің бар-жоғын анықтай алған жандарға $1 млн ақшалай сыйақы беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 

«Бизнесмен жариялаған конкурсқа тек психология мен неврология саласында жұмыс істеп, ғылыми дәрежеге қол жеткізген адамдар ғана қатыса алады. Олар кем дегенде 25 мың белгіден тұратын мәтінде адам өлімінен кейін оның болмысының қандай күйге ұшырайтыны туралы дәлел-дәйектер келтіруі тиіс. Үміткерлер өз жұмысын 2021 жылдың 1 тамызына дейін жіберуі керек», - деп жазады News.ru басылымы. 

 

Дәрігерлер мен ғалымдардан тұратын әділқазылар алқасы келіп түскен жұмыстарға баға беріп, жеңімпаздың аты-жөнін 1 қараша күні жария етпек. Бірінші орын алған авторға $500 мың көлемінде, екінші орын иегеріне $300 мың, үшінші орынға $150 мың ақшалай сыйақы табыс етілмек. Бұл ақпарат адам санасын зерттеу жөніндегі Бигелоу қорының сайтында жарияланды. 

 

Аталмыш қорды 2020 жылы құрған кәсіпкер оған дейін ғылым түсіндіре алмаған айрықша құбылыстарды зерттеу жұмыстарын қаржыландырып келген.

 

 




Көрілген: 5824    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.01.2021, 21:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Маусым, 09:07
    Оқ дарымайтын адам...
    18 Маусым, 09:48
    Түсіңде сәби көрсең...
    15 Маусым, 09:20
    Жер асты жұмбағы...
    6 Маусым, 09:16
    Егіз тұмар
    2 Маусым, 09:17
    Ренжіген әруақ...
    23 Мамыр, 02:09
    ТАҢҒАЖАЙЫП ТҮС
    1 Мамыр, 19:18
    Қабірдегі өмір
    25 Сәуір, 10:31
    Әруақ
    23 Сәуір, 17:26
    Өң мен түстің арасы
    12 Сәуір, 11:09
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Сәуір, 09:04
    ӘКЕ ҚАРҒЫСЫ
    20 Наурыз, 01:59
    Аян берілер түстер...
    19 Наурыз, 16:02
    Түннің құпиясы
    16 Наурыз, 22:21
    ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ
    13 Наурыз, 02:03
    Жанның мекені қайда?
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30