Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Ақтөбелік әйел "дуаланған" күйеуін қайтару үшін 20 мың долларын сарп еткен

  • Көрнекі фото: burkit.kz

    Көрнекі фото: burkit.kz

Жасы қырықтан асқан ақтөбелік әйел «оқытылған» күйеуін бақсылардың көмегімен қайтармақ болған. Алайда, ол осы әрекеті үшін бүгінде опық жеп отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.


«Бұл осыдан бес жыл бұрын болған оқиға. Айрандай ұйып отырған отбасымызға кенеттен қауіп төнді. Жұмысы жақсарып, жалақысы көтерілген күйеуім үйге қонбайтынды шығарды. Алғашында аса мән бермесем де, жолдасымның мұндай әрекеті жиілеп кеткен соң, қорқа бастадым. Кейін күмәнім шындыққа айналып, 15 жыл отасқан жарымның басқа әйелмен көңіл жарастырып жүргенін сездім. Әрине, алғашында әбден үгіттеп, қайта-қайта отбасылық жиналыс ашып, туыстарды, әке-шешесін араластырып көрдім. Алайда, әбден дуаланған күйеуім сөзімізді құлаққа ілмей, мені үш баламен қалдырып, жалғызбасты келіншектің қолына кіріп алды. Бұл өте қиын жағдай. Ешкімнің басына бермесін», - деп есіне алды келіншек.


Атын атамауды өтінген кейіпкер жанұясын сақтау үшін жанталасып, күйеуін үйге қайтаруды ойлайды. Сол себепті, бақсы-балгерлердің алдын жағалай бастайды.


«Қаладағы мықты деген балгерлердің барлығы да оны оқытып тастағанын айтып, кері қайтаруға көмектесетін болды. Әрқайсысына көлемді ақша беріп отырдым. Мен барған бақсылардың қатарында түрлі ұлт өкілдері болды. Олар түрлі әдісті қолданып, күйеуімнің қайта оралатынын айтып, менің ақшамды алып қалатын. Кейін ойлана келе, екі жылдың ішінде 20 мың долларға жуық қаржыны солардың қолына ұстатқанымды білдім.


Ал күйеуім қайтып келмек түгілі, екінші әйелімен одан әрі жарасып кетті. Осы кезде ғана есімді жиып, балаларым үшін өмір сүру керектігін түсініп, екі жыл бойы сандалғаныма өкіндім. Бүгінде бірнеше жыл өтіп кетті. Күйеуім әлі сол әйелімен тұрады. Мүлде араласпаймыз, кіші балам үшін алимент те сұраған емеспін. Еңсемді тіктеп, тіршілік ете бастадым.


Қазіргі жағдайым жаман емес. Мені үш баламен тастап кеткен күйеуімді де, алдап ақшамды алған бақсыларды да кешірдім. Бәрін бір Аллаға тапсырдым. Қазір тек балаларымның амандығын тілеймін. Мен сияқты адасып жүргендер болса, басымдағы оқиға оларға сабақ болсыншы», - дейді опық жеген әйел. 




Көрілген: 859    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.04.2019, 10:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам
    22 Наурыз, 22:42
    Сайтан неге адамға өш?
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31