Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Әлемдегі ең қысқа қорқынышты әңгімелер

  • Әлемдегі ең қысқа қорқынышты әңгімелер

    Әлемдегі ең қысқа қорқынышты әңгімелер

Түн ортасында жалғыз өзім такси күтіп тұр ем, жүргізуші менен: «Қайда барасыңдар?» - деп сұрады.

 

***

Машинаны құйғытып келе жатыр ем, машина терезесінен бір әжейдің маған қарап тұрғанын көрдім.

 

***

Жұмыстан тым жай түсіп, лифтке кірсем, адам жоқ екен. 10-қабаттан төмен түсіп, 6-қабатқа жеткенімде лифт тоқтап, бір жұп жас жұбай кірмекші болды да іркіліп, кейін шегініп кетті. Кенет лифт есігі жабыла бере, ол екеуінің: «Не деген адам көп еді!» - деп жатқанын құлағым шалып қалды.

 

***

Түн ортасында үйде жалғыз өзім компьютер ойынын ойнап отыр ем, кенет терезе қағылып, досым бірге ойнап келуге шақырды. Енді ғана терезені ашып, шыға алмайтынымды айтпақ болғанымда, өзімнің бүгін ғана 1-қабаттан 10-қабатқа көшіп келгенім есіме түсті.

 

***

Түн ішінде үрейлі түс көріп, шошып оянғанымда, ағам төсегімнің шетінде отыр екен. Алаңдап сұраған ағама түсімде бір топ адамның бастарын қолына ұстап, мені қуалап жүргенін айтып едім, «Мынадай ма?» - деді ағам, басын жұлып алып.

 

***

Ұлымды ұйықтатпақ болып, төсегіне жатқыздым. Ол болса, «Кереуетімнің астында мақұлық бар», - дейдi. Таңғалып, кереуеттің астына иiлiп қарасам, ол жерде ұлым: «Әке, төсегімде басқа бiр бала жатыр», - деп қорқып отыр.

 

***

Таң ата ұялы телефонымнан өзiм ұйықтап жатқан суретiмдi тауып алдым. Мен үйде жалғыз тұрамын.

 

***

Джектің 23:00-де болатын «Қауіпті сәт» бағдарламасы басталғанда теледидар пультiн таба алмай қалатыны бар. Осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған ағасы да бұл бағдарламаны ұнататын едi.

 

***

Шошып оянған ол жанында өзінің мүрдесі жатқанын көрді.

 

***

Жер бетіндегі ең соңғы адам бөлмеде отырған. Есік қағылды...

 

***

Қайғылы жағдайға куә болған соң, әйеліме айту үшін үйге асықтым. Бірақ, ол мені мүлде тыңдамады. Бар екенімді білсе де, елемегендей сыңай танытты. Теледидар қосып, экраннан көз алмады. Бір сәтте телефонның дауысы шықты. Оның өңі бұзылып, бозарып кеткенін байқадым. Телефонды үнсіз қойып, бір нүктеге қарап қалды. Қолы дірілдеп, артынша қатты жылап жіберді.

 

sn.kz




Көрілген: 1344    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.05.2020, 23:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы
    3 Сәуір, 11:08
    Ажал...
    25 Наурыз, 09:58
    Кенеттен шам сөнді...
    19 Наурыз, 10:29
    Пері мен долы әйел
    10 Наурыз, 14:17
    Пері...
    6 Наурыз, 09:14
    Нәрестенің киесі...
    23 Ақпан, 23:10
    Мәңгілік деген не?
    19 Ақпан, 11:21
    Қамшы ұстаған әруақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30