Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Алланың Жер бетіне жіберген соңғы елшісі "Махдимін" дейді

  • © АКИpress

    © АКИpress

Бішкек тұрғыны Мээрим Черикбаева өзін қазір бүкіл әлем аңтарылып, іздеп жатқан Мұхаммед пайғамбардың ізбасары, Алланың Жер бетіне жіберген соңғы елшісі - Махди екенін айтты. Ол бұл туралы 19 қыркүйекте арнайы өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz АКИpress-ке сілтеме жасап.


Оның жасы 33-те. Ол ел қатарлы біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатқан. Бірақ 8 жыл бұрын ол бегісіз дертке шалдығып, қатты ауырады. Дәрігерлер оған нақты диагноз қоя алмаған. Осы уақыт аралығында қыз ешкіммен сөйлеспей, тіпті жұмыс істеуге жарамай қала сыртына көшуге мәжбүр болыпты.


2015 жылы оған аян беріліпті. Түсінде оның маңдайына "Махди" деген сөз жазылып, қасына қара, үлкен мөр басылыпты.


"Ондай мөрді маған ғана басқан, сол кезден бастап мен Махдидің аурасымен өмір сүремін. Бұрын намаз оқушы едім, қазір оны қойып кеттім. Сол түсті көргеннен кейін. Намаз оқып жүргенімде маңдайымнан жарық сәуле шығатын. Қазір ол жоғалып кетті", — дейді Мээрим.

Ол өзінің 8 жыл бойына жападан-жалғыз тұрғанын айтады. Махди аурасы берілгелі ол тіпті, достарымен де, туған-туыстарымен де сөйлесуді қойған. Өйткені ол көз тие ме деп қорқады екен, сондықтан адамдарға көп жақындай алмайды.


"Мен ары қарай тығыла алмаймын! Менің міндетім – айту. Оны енді ел шешсін, басқа Махди енді болмайды!", деп салды ол баспасөз мәслихатында.


Анықтама: Ислам жорамалы бойынша Махди деген ақыр заман таяғанда Жер бетіне жіберілетін Мұхаммед пайғамбардың ізбасары, соңғы елші.


 




Көрілген: 4505    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 11:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қыркүйек, 11:17
    «Жұма, 13-і»...
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...
    2 Қыркүйек, 10:15
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Қыркүйек, 16:35
    Жын-шәйтан туралы
    31 Тамыз, 10:25
    Пәтер
    29 Тамыз, 10:23
    Елес ауыл
    31 Шілде, 11:14
    Дуаның күші...
    29 Шілде, 15:48
    Махабаттың құдіреті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31