Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Алтын бөліп шығаратын өсімдік табылды

  • http://islam.kz

    http://islam.kz

Алтынның қымбат болатын себебін адамдар біледі. Табиғатта сирек кездеседі, яғни, қоры аз, сонымен қатар, физикалық қасиеті бөлек металл.


Оның қымбат болуына тағы себеп бар: өндірілуі қиын. 5 миллиграмм алтын алу үшін 1 тоннадай жер қыртысын, былайша айтқанда, топырақты өңдеу керек.


Таяуда Австралияның батысынан ғалымдар алтын бөлетін саңырауқұлақ тапты. Түсінікті тілмен айтқанда, өсімдіктің бұл түрі қоршаған ортадан алтынды өзіне сіңіріп алады да оны таза алтынға айналдырады. Яғни, күлдей ұсақ алтын тозаңдарын жинап, сыртына шоғырландырады. Ал да пайдалана бер. Табаныңнан таусылып, жер қопарып, іздемейсің, өңдеп жатпайсың. Дайын күйінде береді.


Алтын саңырауқұлақ біз көріп жүргендей әдеттегі саңырауқұлақтарға ұқсамайды. Пішімі жағынан. Біз көріп жүрген «шляпа-аяқ» емес, микроскопиялық пландағы саңырауқұлақ. Яғни, көбікке ұқсайды бірыңғайда.


Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Nature Communications мерзімді басылымында жарияланған Австралияның мемелекеттік ғылыми және қолданбалы зерттеу бірлестігінің (CSIRO) Майк Веролл (Mike Verrall) бастаған ғалымдары тапқан Fusarium oxysporum саңырауқұлағын болашақта алтын кен орнын іздеуде пайдаланады. Олай дейтініміз, алтынның қай жерде мол кездесетінін көрсетіп беретін өсімдік.


Бұдан бөлек, алтынды жинау технологиясын осы өсімдіктің ерекшелігіне қарап жасауы да мүмкін. Бұл саңырауқұлақ алтын жамылған сайын тез әрі ірі болып өседі. Соған қарағанда нанобөлшектер олардың зат алмасу процесін жақсартуы мүмкін.


Бұл жағын алдағы уақытта ғалымдар анықтай жатады.


Fusarium oxysporum микроскопиялық саңырауқұлақ сутегінің жоғары реактивті пероксидтік молекуласын бөле отырып, өз кезегінде ол қышқылданып, ионға айналады да таза алтын кешенін қалыптастырады.


islam.kz


 


 




Көрілген: 1947    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 20:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қараша, 14:35
    Жер асты жұмбағы...
    23 Қыркүйек, 11:17
    «Жұма, 13-і»...
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...
    2 Қыркүйек, 10:15
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Қыркүйек, 16:35
    Жын-шәйтан туралы
    31 Тамыз, 10:25
    Пәтер
    29 Тамыз, 10:23
    Елес ауыл

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30