Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Алып кетем": Оралдық бойжеткенді қайтыс болған құрбысының рухы түсіне кіріп, мазалаған

  • © galerey-room.ru

    © galerey-room.ru

Оралдық Маржан есімді бойжеткен осыдан бірнеше жыл бұрын құрбысының өз-өзіне қол жұмсағанын айтып, мұңын шақты. Алайда жаны тыныштық таппаған марқұм аруға да тыным бермеген ұқсайды. Бойжеткеннің түсіне кіріп, оны өзімен бірге алып кетуге уәде берген құрбысының сөзі қызды шошытқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Құрбысының жауапсыз махаббаттан көз жұмғанын айтқан бойжеткен оның өліміне өзін кінәлі сезінетінін жасырмады.


"Менің құрбым Марал сүйіктісінің опасыздығына шыдамай өзіне қол жұмсады. Ол Ағлан есімді жігітпен кездесіп жүрген кезде, оның басқамен көңіл жарастырғанын білді.

Сатқындықты көтере алмаған құрбым тамырын кесіп, жуынатын бөлмеде ұйықтап қалған. Қыздың денесін анасы тауып алған.


Құрбымның өмірден озғанын естіп, қайғыдан құса болдым. Оған дер кезінде қолдау көрсетпегенім үшін жылдар бойы өзімді жазғырдым", - дейді бойжеткен.


Сондай-ақ, ол соңғы кездері түсіне құрбысының жиі кіретінін айтты. Оның сөзінше, марқұм ару Маржанды сағынғанын, ең жақын құрбысымен бірге болғысы келетінін айта бастаған екен.


"Бірнеше жыл өткеннен кейін Марал түсіме кіре бастады. Бірде ұрысып, бірде жылап, әлдебір ренішін айтып жатты. Менің қазіргі өмірім жайлы сұрақтар қойып, болашағымды болжап отырды.

Уақыт өте ол ашуланып, мені өзімен бірге алып кететінін айтып, әлдебір мазарды көрсете берді. Мен есімнен ауысуға шақ қалдым. Жағдайымды көрген анам мен сүйіктім істі қолға алу керек екенін түсінді" - деді кейіпкер.


Тығырыққа тірелген ару жындыханадан бір-ақ шыға жаздаған.


"Балгерлер мен емшілерге барғаныммен түк шықпады. Марал түсіме кіріп, одан сайын ашулана бастады. Бірде ол жерленген жерге барып келуді жөн көрдім. Содан кейін жеңілдеп қалдым. Шынымды айтсам, Марал да келуін сиретті. Мен ол жатқан жерге жиі барып тұруға уәде бердім. Қазір құрбым түсіме мүлде кірмейді", - деп жан сырын ақтарды бойжеткен. 




Көрілген: 2227    Пікірлер: 0

жұма, 17.05.2019, 11:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30