"Апаға шайтан кіріп кеткен". Тойда қонақты айнала аластаған әжейдің желіде видеосы тарады

20 тамыз 2023, 09:55

Тойда келіншекті айнала қамшымен аластаған әжей жұрттың сынына қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрда тойхананың ішінде бір келіншекті ортаға алып, ақ жаулықты әже қамшымен ұрғылап, айнала бірнәрсе оқып жүргенін байқауға болады.

 

Бұл видео Қызықтырды instagram парақшасында жарияланып, 1 миллион 300 мың қаралым жинаған.

 

"Адамдар не болып кеткен",- деп жазды instagram қолданушысы.

 

Желі қолданушылары бұл әрекетті көріп, керағар пікір қалдырған.

 

"Ана кемпірдің түрі көгеріп кеткен басқаша байқадыңыздар ма, Ж-ның түрі сияқты ішіне кіріп алған", "Апаның өзін оқыту керек жын кірген сияқты", "Апаға шайтан кіріп кеткен", "Күші келсе жерге жатқызып тепкілейін деп тұр-ау", "Ақша табу үшін емші, бақсылардың әрекеті ғой",-деп жазды олар

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz