Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Апалы-сіңлілі үшемдер бір уақытта жүкті болған

  • Фото: planetanovosti.com

    Фото: planetanovosti.com

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұратын Джина, Нина және Виктория есімді тұрғындар бір уақытта жүкті болып, әлем жұртшылығын таң қалдырды. Дәрігерлер олардың тіпті, босану уақыты да бірдей екенін айтып отыр деп жазады planetanovosti.com.

 

Бір уақытта жүкті болған үшемдер көпке әлеуметтік желі арқылы танылған. Желі қолданушылары апалы-сіңлілердің қуанышты жаңалығын естіп, оларға жүрекжарды тілектерін жазуда.

 

Апалы-сіңлілі үшемдердің айтуынша, жүкті екенін алдымен олардың екеуі – Виктория мен Нина ғана білген. Кейін Джинаға өздерінің қуанышты жаңалықтарын жеткізген. Сондай-ақ, олар Джинаға тезірек жүкті болуға кеңес берген. Үшемдер бір уақытта ана атансақ, балалары да бірге өсетін болады деп есептейді.

 

Апалы-сіңлілердің сөзінше, олар бір-бірімен өте тату. Бірдей киім киіп, барлық мерекелерді бірге өткізеді.

 

Апалы-сіңлілер тіпті, болашақ сәбилерінің атын да өзара ақылдаса отырып қоюды жөн көрген.

 

Джина үшемдердің ең үлкені. Ол екі сіңлісінен 4 минут бұрын дүниеге келген және қыз бала өмірге келеді деп күтіп жүр. Оған Лейтон Грейс есімін бермек.

 

Ал үшемдердің ортаншысы Нина ұл бала күтіп жүр. Болашақ ана баласының атын Хендрикс Пол есімімен атамақ.

 

Сол сияқты ағайындылардың кенжесі Виктория да ұл баланы күтіп жүр. Ол сәбиіне Заден Сет есімін бермек.

 

Қазіргі күні үшемдер дүкендерге бірге барып, нәрестелердің киімдерін де бірге таңдап жүргенін айтады.

 

Олар Memorial Care Saddleback Medical ауруханасында босануды жоспарлап отыр.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 2180    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.06.2021, 17:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 10:15
    Уақыт
    16 Қыркүйек, 11:45
    Жалғыз аяқ жол
    15 Қыркүйек, 11:33
    Жын жабысқан жігіт...
    14 Қыркүйек, 17:31
    Балбал-қыз...
    13 Қыркүйек, 14:20
    Cу перісін сүйген жігіт
    11 Қыркүйек, 09:51
    «Тораңғылы» сиқыры
    6 Қыркүйек, 17:13
    Балбалтастың құпиясы...
    2 Қыркүйек, 17:40
    АЖАЛСЫЗ БАЛА
    21 Тамыз, 09:45
    Шайтанның ісі...
    18 Тамыз, 09:07
    Қашқын...
    14 Тамыз, 10:30
    Айна...
    9 Тамыз, 17:12
    Ақ түйе...
    22 Маусым, 09:07
    Оқ дарымайтын адам...
    18 Маусым, 09:48
    Түсіңде сәби көрсең...
    15 Маусым, 09:20
    Жер асты жұмбағы...
    6 Маусым, 09:16
    Егіз тұмар
    2 Маусым, 09:17
    Ренжіген әруақ...
    23 Мамыр, 02:09
    ТАҢҒАЖАЙЫП ТҮС
    1 Мамыр, 19:18
    Қабірдегі өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30