Әпкем дуа жасатып, бала сүйе алмай жүрмін...

Әпкем дуа жасатып, бала сүйе алмай жүрмін...

Тағдырдың басқа салғанын көресің дегенін рас екен. Осы күнге дейін бастан кешіргенімді ойласам, еріксіз тамағыма өксік тығылады.

 

Құдайға шүкір, мен қатарымнан қалмай өстім. Он бір баланын ішінде бес әпкем мен 4 ағам, бір ініммен тәрбиелендім. Осылардың ішінде тарлық көрмей өстім десем бекер болар.

 

Бірақ тәрбиеміз дұрыс болмады ма, әлде шешеміздің ниетіне көрінді ме, сондай тату болған жоқпыз. Әкем жеті жасымда дүние салды. Мүмкін содан болар, бүгінде ағайынды он бір бала жан-жаққа бөлініп, тату-тәтті араласа алмаймыз. Өз басым тыныштықты сүйем, ағайын бас қосқан сәтте у-шусыз, жақсылықпен жүздесіп, қоштасқанды жаным қалайды.

 

Жасым 36-да. Тұрмысқа шыққаныма жеті жыл толды. Бірақ бала сүю бақытын құдай маған жазбаған секілді. Осымен алтыншы мәрте көтерген балам алты айлығынан асқанда сырқат дендеп түсіп қалумен келеді. Емделмеген емші, бармаған дәрігерім жоқ. Тіпті, маған нақты диагноз қоя алмады, ақ халаттылар. Күйеуім шығыстың жігіті, Алматыда өскен. Салмақты, іскер азамат. Бірақ осыған дейін бала сүйе алмауымыз мені ғана емес, оны да қатты толғандырады.

 

***

 

Бәрі шешеміздің жетпіс жылдық мерейтойынан басталды. 2006 жылдың тамыз айы еді. Күллі ағайын бас қосып, дүркіретіп той өткізуді жөн көрдім. Ел қатарынан қалмай осындай шаруаны қолға алуымызды шешеміз қуана қолдады. Әрине, 11 ағайын оған түгел қатысқан жоқ. Соңынан шу боларын білді ме, үлкен екі ағам бұл тойға мүлдем келмеймін деп алдын ала ақшасын беріп, құтылды. Кіші ағам да сезген болуы керек мүлде хабарсыз кетті. Шешеміз үшін барымызды салып, бес қызы мен екі ұлы жүгіріп ұятқа қалмайық деп шашылдық. Қуанышымызға қарай той да абыроймен өткерілді. Туған-туыс, алыс ағайынның басы шешеміздің жетпіс жылдығында қосылып, мәре-сәре болдық та қалдық. Көрешегіміз алда екен. Той бітіп, ағайын тараған кезде үшінші әпкем Гүлназ шу шығарды. Біздің кінәміз тойда құрақ ұшпағанымыз, аз ақша қосқанымыз екен. Ұрыс ештеңе емес қой, долы апамның қол көтергеніне шыдай алмадық. Ыдыс-аяқ сынып, біраз дүние қирады. Әулеттің беделі көрші-қолаң алдында осылайша төгілді де қалды. Бәріміз жабылып жүріп оған мұнысы дұрыс емес екенін түсіндірмек болдық. Бірақ мұнымыз бекер екен. Сөйтіп, әпкеммен туыстар болып бір жола ат құйрығын кесістік. Долы мінезіне салып аузына келгенін айтқан соң қалайша онысын дұрыс дерсің. Оның екі баласы бар. Үлкені ұл, кішісі қыз. Күйеуі өзінен біршама жас кіші, табыскер азамат болғанымен қыдырымпаз кісі. Екінші отбасы бар деп естиміз, тіпті басқа әйелмен тұрып та көрді. Сол өтті ма, әйтеуір екі дипломды әпкемнің жүйкесі қатты жұқарғанын біз әуелден білеміз. Үйіне барып бір сағат отыру мүмкін емес еді. содан болар көбіне ол жаққа ат ізін әуелден сала бермейтінбіз. Көп шаруаға оны араластырмай, өзіміз шешіп тастауға тырысатынбыз.

 

***

 

Араға бір жыл салып мен тұрмысқа шығатын болдым. Қайын атам Алматыда тұратын. Астанада жұмыс істеп жүрген күйеуім үйленген соң Алматыға кететінімізді айтты. Мен келістім. Тойдың күні белгіленіп, тағы да күллі туыстарды тойға шақырылды. Алыста өтетін болған соң Қарағандыдағы туыстарымыздың көбісі бұл тойға келе алмайтын болды. Алайда алдында қатты ренжіскен соң әлгі үшінші туған әпкем Гүлназды мен саналы түрде тойға шақырмайтын болдым. Өйткені, оның той үстінде төбелес шығаруы әбден мүмкін және ол жайт жүз пайыз белгілі еді. Осыны айтқанымда шешем де, туған-туыстар да дұрыс десті. Ойымда ештеңе жоқ, шақырылған туыстар тізімінде ол осылайша қонақтар арасынан сызылып, түсіп қалды. Наурыз мерекесінде Алматыдағы белгілі мейрамханада біздің үйлену тойымыз өтіп жатты. Шақырылған қонақтар арасында әпкем болмаған соң у-шусыз, жақсы көңіл-күйде той тарқады.

 

***

 

Осылайша менің отбасылық өмірім басталды. Тату-тәтті ғұмыр кешіп жаттық. Жар қызығы, аздап реніш деген қалыпты нәрселерді біз бастан кештік. Күйеуімнің жұмысына байланысты Астанада тұрып жаттық. Араға уақыт салып жүкті екенімді сездім. Жарым да көңілімді тауып, барынша бәйек болуымен жүрді. Біз шексіз бақытты едік.

 

Бірақ мұнымыз бекер екен. Балаға алты ай толғанда мен қатты ауырып аурухана түстім. Қан көп кетсе керек, түсік тастаппын. Осылайша жазықсыз сәбиімнен айрылып, көз жасым көл болды. Араға бір жыл толмай тағы жүкті болғанымда қуанғанымды көрсеңіз. Артынша тағы сол жағдай қайталанып, қапа болдым. Үшінші балаға түсік тастаған соң мен дәрігелерді қойып, емшілерді жағалауға көштім. Обалы не керек, олардың тапсырған дәрісін ішіп, ем-домын жасап бала сүю жолында кез-келген нәрсеге баруға дайын болдым. Басында олардың ем-домы көмектескендей болды. Ес-түссіз жүргендей күй кештім. Мен үшін өмірдің мәні тек бала-тұғын. Күйеуім қанша шытырман оқиғаны бастан кешсек те, дәйім жанымнан ұзаған жоқ. Төртінші бала көтергенімізде екі жұртым да менің тілеуімді тіледі. Менің сәбилі болуым бәріміз үшін бақыттың шыңына шығумен бірдей көрінді. Сорыма көрінді ме, төртінші балам да жетінші айға таяғанда жатырыма қан кетіп түсіп қалды. Алла сақтап, дәрігерлердің арқасында аман қалдым. Әйтеуір жатырым аман екен. Кейін осындай жағдай екі рет қайталанып, мен алтыншы баламнан да айрылып қайғы жұттым. Шыны керек, осы алты жыл ішінде жүдемесем де психологиялық жағдайда қатты күйзеліске түстім. Себебі, күйемнің бар қалайтыны тек қана сәби. Сол сәбиді туып бере алмағаным үшін өзімді кінәлі сезінумен келемін.

 

***

 

«Құдайға не жазғаным бар еді?» деп түніме көз жасымды көл еткен кездерім аз емес. Халық емшілерінің де есігін тоздырдым. Биыл шілде айында Шымкент жаққа жол түсті. Бір емшіге жолыққанымда, маған бар шындықты ақтарып тастағандай болды. Аздап көріпкелдігі бар кісі екен. Мен құдайға серік қосып, болашақтағыны болжатудан аулақпын. Құдай басқа не салса соңы көрермін. Бірақ әлгі кісінің айтқанымен келіспеске болмады.

 

«Жастайыннан қиындықты аз көрмепсін. Шешең жақсы кісі емес, адам баласына көп қиянат жасаған. Қарғысын алыпсын. Және бірнеше рет қарғаған. Туған әпкең бар екен. Ниеті жаман. Сол сені өз тойың өткен күні дұғалаған» дегенде есімнен тана жаздадым. Ол айтты екен деп шешемнен теріс айналудан аулақпын. Кінәламаймын да. Себебі, ол менің анам ғой. Ал әпкемнен ондайды күтпеп ем. Мен онымен ренжіскенде жеке басына болмаса отбасына тіл тигізгенім жоқ, қарғамадым да. Тек үнсіз ғана сырт айналып кете барғам. Бірақ оның мұнысы мені қайғылы жағдайға душар еткендей қылды.

 

Дәрігердің тізімінде тұрғаныммен, емшіге барып емделіп жүрмін. Бірақ нақты диагнозы жоқ емді не үшін алып жүргенім өзіме де түсініксіз. Көтерген сәбиімнің жағдайы түсік тастағанша жүз пайыз жақсы болды. Тек қалайша түсіп қалатыны жұмбақ. Өткенде барған емшінің айтуынша мен бала сүйген күні әпкеме қиын болады-мыс. Ол жағы бір құдайға ғана аян.

 

***

 

Биылғы жылдың мамыр айында бір туысым әлгі Гүлназдың үйіне барыпты. Балалы үйдің ұрлығы жата ма, әлгі үйдің кішкентай қызы менің баласыз екенімді сұрай берсе керек. Ол кішкентай қызының аты Әсем. Кішкентай күнінде бағып-қағып, бас-көз болғам. Шет жағасын білетін болса керек, сонда он үш жастағы Әсем сөз арасында: «баяғыда мама оны оқытып, сол үйге тұз шашып кетті» дегенді айтыпты. Соны естіп жаным одан бетер түршікті. Туған әпкем маған осылай істесе, өзгеге не істемейді?! Тағы бір туысым Гүлназдың ызаланса, біреуге есесі кеткенде немесе тісін қайрағанда балгерге құмалақ аштырып, сыған кемпірге дуа жасататынын көзбен көріпті (ертіп барған екен). Осыны айтқанда оның мені дуалатқаны күмәнсіз сендім. Енді сол дуаны қайтартқым келеді...

 

 

Автор: Нұрай Діндәрбекова, Астана қаласы

alashainasy.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста