Әруақ

Әруақ

Сен оны көрмегенсің. Тек достарың мен аға-әпкелеріңнен естуің бар. Ол жайлы айтылғанда, көзің жасаурап, қатты қорқасың. Есік өздігінен ашылады, ыдыс-аяқтар сықырлайды, белгісіз біреудің жүргенін сезесің. Ол кім? Бастырылып қалу, тілдің кәлимаға келмей қалуы. Бұл қалай болады, адамдарды үрейлендіруші кім немесе ол не? Бәз-біреулер оны дамавой дейді, енді біреулер әруақ десе кей адамдар жын-шайтандар деп ойлайды. Ақиқаты қайсы? Басынан бастап кеттік... (өз басымнан өткен)

 

Менің дос ағам бар. Есімі Манас. Ішіне жын кіріп кетіпті дегенді естіген едім. Бір күні ортақ досымды жолықтырдым. Кеттік, Манастың ішіне тағы да жын кіріп кетіпті деді. Сөйтіп, имамды алып үшеуміз үйіне келдік. Келсек 2-3 таныс жігіт отыр. Жедел жәрдем де шақырып қойыпты. Әлгі Манас диванда жатыр. Қимылдамайды. Ол туралы сәл кейінірек. Жедел жәрдем қызметкерлері келді, өздерімен алып кетпекші. Псих больницаға алып бармақ. Соткамдағы бейнені(жын кіргенді емдеп жатқан) көрсетіп, оған жын кірген, ауру емес. Күтіңдер, қазір имам құран оқиды көресіңдер деп әрең көндірдім. Айтып ауыз жиып болған жоқ едім, қасыма Манас келіп бауырым қалың қалай жақсы ма деп, бейне бір ешнәрсе болмағандай жүр. Аң-таңбыз. Сөйтіп, оған қазір имам дем салады деп айттық. Келісті. Беліндегі белдігін шешіп, мынамен қолымды байла өз-өзімді ұстай алмай қалуым мүмкін деді маған. Жасырмаймын, іштей қорқып тұрмын. Сөйтіп оны айнала қоршап отырдық, имам құран бастайын деп отыр. Мен белдігін қолына байлап жатқаным сол еді. Жан дауысы шығып айқалап жіберді Манас. Ол дауыс мүлдебасқа дауыс. Астағфируллаһ. Белдікті тастай сала қаштым. Жаңағы дәрігер қыздарға қарасым көздері доп-домалақ болып, қол аяқтары қалтырап тұр. Уақыт өткізбей қасымыздағы бір бала белдікті байлап, қолын ұстады. Имам құран оқи бастады. Дәрігерлердің қалай кетіп қалғанын білмейміз, бір қарасақ үшеуі де жоқ. Шыңғыру басталды. Ия кәдімгі басқаша дауыс шықты. Манастың дауысы мүлде бөлек болатын. Жіберіңдер деп айқайлады. Сен кімсің дедім(соткадағы кісінің сұрақтарын қойдым). Ол: мен шайтанмын деп айқайлады, көздері ойнап бір сәт тынышталмай тұр. Дауысы қыздың дауысы сияқты айқайлап шығып жатыр. Жасың қаншада дедім. Ол недегенін білесіздер ме? Жасым 800 де деді. Достарыңды үйлендірмеймін деді, бір уақытта жылады, артынша күлді. Шық десек шықпайм деп тілін шығарады. Ондайды біріншірет көріп отырмын. Құран оқып отырған имам көзін ашпайды. Біз жынмен сөйлесіп әлекпіз. Не керек ақыры шықпады. Қалай шығару керектігін қайдан білейік. Құран оқыса шығып кететін шығар деген ойда едік. Ертесіне Манкенттегі Рустам ака шығарыпты.

 

Бұрын, жынның барына сенсем де онша мән бермейтін едім. Бұл жол көзім анық жетті. Мешіт имамдарының айтуынша Жындар да осы әлемде өмір сүреді. Олар да балалайды, туылады, өледі. Бізбен паралельный өмір сүріп жатыр екен. Бірақ өз еріктерімен адамның ішіне кіре алмайды. Тек Алланың қалауымен ғана іске асады екен. Дамавой деп жүргендеріміз де үй жыны екен. Ешқандай да әруақ емес. Жындар мұсылман және кәпір болып та бөлінеді екен. Олардың да жаратылудағы мақсаты Аллаға құлшылық қылу. Құранда Зарият сүресінде: «Мен жындар мен адамдарды Өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым» - дейді Аллаһ. Олар бала сияқты, ақылдары аз. Олардан қорыққан сайын олар күшейе береді. Сондықтан да қорықпау керек екен. Түнде бастырылып қалмау үшін, үнемі дәретпен жүру шарт. Намаз оқу міндетті. Лә иләһә иллаллаһ, Мұхаммадәр расулуллаһ деген сөзді үнемі айтып жүрген жақсы.

 

 

 

Автор: Бақберген Әмірхан

alashainasy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста