Әруақ тепкен әрі түсер...

Әруақ тепкен әрі түсер...

ӘРУАҚТЫ ӘЖЕ

Қазақ тірі адамға да әруағы бар дейді. Ертеректе менің әжемді сыртынан "әруағы бар әже" деп қол шошайтуға сескеніпті деседі. Олай деуге себеп көп. Бірде әжемнің көршісі жасы ұлғайған шал "қорадағы тақтайымды ұрлап алдың" деп, үйге кіріп келеді. Ұршық иіріп отырған әжем шошып кетеді.Осы жасқа жеткенше адам баласының ала жібін аттамаған ол көршісіне жала жаппауын сұрайды. Шал айтқанынан қайтпайды. "Сен алдың" деумен болады. Әжем амалы таусылып оған айтады:
- Егер затыңды мен алған болсам бүгін түннен қалмайын,сол тақтай менің бетіме жабылсын, ал алмасам сенің бетіңе жабылсын. Құдай куә - дейді. Кеш батады. Жұрт тынышталады. Түн ортасында көрші үй дүрбелеңге түседі. Тақтай іздеген шал қатты ауырып жатып қалады. Тілі күрмеліп жағдайы нашарлайды. Жаны қиналған шал әжемді шақырып кешірім сұрапты.
2010 жылы Ақтөбе облысына ақын Әбубәкір Кердері туралы деректі фильм түсіруге арнайы мамандар келді. Кейіпкерлер сомдауға біздің театрдан актерлер таңдап алды. Менде бардым. Алға ауданының елді мекенінде фильм түсіріліп болғаннан кейін қой сойылды. Қазанға қуырдақ қуырылды.Аз-маз ішімдік ішілді.Қырдың басында ескі қорымдар көрініп тұр.Қызып алған бір кісі көпшіліктің айтқанына көнбей бейіт жаққа дәретке барып келді.  Ымырт үйірілді. Қайтуға жиналдық. Әлгі кісі көлікке міне бергенде тайып кетіп аяғын сындырып алды. Қас қағымда қиындыққа тап болды. Үлкендер "молаға қарап дәрет сындыруға болмайды" деп басын шайқады.
Осыдан бес жыл бұрын Маңғыстау облысына Бекет атаның басына баруға жолға шықтық. Шетпеден түсіп таксиге отырдық. Танысып әңгімеге көштік. Біз мінген көліктің иесі бұрын әруаққа сенбей жүрген екен. Бірде екі дос жігітімен жол бойында тұрған әруақты адамның бейтінің жанындағы садақа салатын жәшікті бұзып ақшасын алады. Бізге әңгіме айтып отырған жігіт неге екені белгісіз жүрегі дүрсілдеп ақшаны алмайды. Екі досы келемеждеп оны сол жерге тастап кетеді. Ол жаяу жолға шығады. Көп ұзамай аударылып жанып жатқан досының көлігін көреді. Екеуі де аман қалмапты. Содан бері Бекет атаға адам тасимын дейді.
Мұндай құбылысқа бізде кезіктік. Күздің көк тайғақ қара суығында Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданынан концерттен соң Ақтөбеге жол тарттық. Жер тайғақ. Қар жауып тұр. Ақырындап жүйткіп келеміз. Жол ұзақ жеткізбейді. Түн ортасынан ауды. Мен микроавтобустың алдыңғы орындығында отырып, жүргізуші қалғып кетпесін деп көпіріп әңгіме айтып қоямын. Күбірлеп келе жатқан әртістер тынышталып қалды. Бір кезде менде көлік жүргізушісі де ұйықтап кетіппіз. Көліктің мен отырған алдыңғы терезезі өзінен-өзі ашылып кетіп, бір уыс қар бетіме тиді.Көз ілініп кеткенін енді білдік.Көлік қарама-қарсы бағытқа шығып кетіпті. Жүргізуші тежегішті басты. Авариядан аман қалдық. Терезені кім ашты? Қарды кім шашты жұмбақ күйінде қалды. Кейін білдік біз тоқтаған жерде әруақты адамның бейіті бар көрінеді.
Айта берсек мұндай әңгімелер көп-ақ.
Жалпы қазақ "Әруақ тепкен әрі түсер,
Атан тепкен бері түсер" деген ғой...


Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН,
Ақтөбе облысы

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста