Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Әруақтар мен елестер

  • Әруақтар мен елестер

    Әруақтар мен елестер

Қазақ қоғамында әруаққа деген сенім-нанымның қай заманда қалыптасқандығы белгісіз. Дегенмен де, ол ислам діні енбей тұрып, сонау ерте заманнан келе жатыр десек, шындықтан алыс кетпейтін сияқтымыз. Бұл сенімнің күштілігі сонша ислам діні енгеннен кейін де жоғалмай, онымен қатар өмір сүріп келеді.

Әруақ дегеніміз не? Бақилық болған адамның жаны немесе жоғарыда айтқанымыздай оның өмірі туралы барлық ақпарат жазылған нәзік тәні ме? Бұл туралы нақты пікір айту қиын. Дәстүрлі діндердің қайссында болсын әруақтарға сенуге, оған табынуға, олардан медет тілеуге тиым салынады. Мұны күнәкарлық әрекет деп санайды. Соған қарамастан, тек қазақтар ғана емес, христиан, индуизм, буддизм діндерін ұстанатын әлемнің өзге халықтары да әруақтарға сеніп, тіпті солардың қолдауын, қорғауын тілейтін жағдайлары аз кездеспейді.

Атеистік ұғымның қорғаны болған Кеңетер Одағы құлағаннан кейін елімізде түрлі діни ағымдар пайда болып, халық арасында кең тарала бастады. Солардың арасында әруаққа табынуды, олардан медет тілеуді ұстанған Ақжол, Ата жолы сияқты ұйымдар да бар. Халықтан алдап ақша алуды мақсат еткен бұл ұйымдардың қармағына түсіп, әулие біткеннің басына қонып, мал сойып құрбан шалып, медет тілеушілер аз емес.

Әруаққа табыну қай дінде де дұрыс саналмайды. Дегенмен де, сол әруақтардың қолдауымен емшілік, көріпкелдік жасайтын дарынды жандар қазақтардың арасында ертеден келе жатқан құбылыс. Өзім куәсі болған солардың бір-екеуіне тоқтала кеткім келеді.

Ақмола облысының Астрахан ауданында тұратын Рысты Жексенбекова деген емші әйел болды. Сегіз сыныптық қана білімі бар оған әруақ сонау кеңес заманында қоныпты. Атасы діни сауаты мол ишан болған екен. Сол атасының әруағы түсіне кіріп, бойына қасиет дариды. Кеңес заманында ондай сенім-нанымға тиым салынғаны белгілі. Бірақ соған қарамастан, Рысты апай ауылдағы кейбір таныстарын емдеп жүріпті. Қызығы сол оның алақанымен уқалап жасаған емінен көптеген аурулар кәдімгідей айығып кететін болған.

Рысты апайдың шын емшілігі Кеңес үкіметі құлағаннан кейін басталған. Атбасар қаласына келіп емшілік сеанстарын өткізіп жүргенде апаймен танысып, емшілігін көрген едім. Қанша науқастың жазылғандығын, емінің қаншалықты әсер ететіндігін білмеймін, дегенмен де өзімді таң қалдырған құбылыстарды айта кеткен жөн болар.


Емдеу сеансына бұрын мектепте ағылшын тілінен сабақ беріп, зейнеткерлікке шыққан бір әйел келді. Жоғары білімді ол кісі бұрын басқа құрбылары сияқты құдайға сенбеген, намаз оқымаған көрінеді. Сеанстың үстінде әлгі кісі кенеттен жүрелеп отыра қалып намаз оқуға кіріссін. Аузы күбірлеп әлденелерді айтып, басын сәждеге қойып иіліп-бүгіліп намаз оқып жатыр. Рысты апай оның басын құбылаға қаратып отырғызды. Бір жарым сағаттай уақытқа созылған сеанс барысында әлгі кісі иіліп-бүгіліп намаз оқумен болды.

Кейін ол кісімен сөйлсекенімде өзінің не істегенінен бейхабар екендігін естідім. Рысты апайдың бойындағы гипнозға ұқсас осындай тылсым қасиеттің ықпалын әлденеше рет көріп, куәсі болудың сәті түскен еді. Ол кісіден әруақ нақты көмектесіп, ауруларды жазуға ықпалы тиген кезі болды ма деп сұрағанымда мынадай әңгіме айтты.

Осыдан бірнеше жыл бұрын оның үйіне көрші ауданда тұратын бір кісі аяқ-қолы бүгіліп қалған бойжеткен қызын алып келеді. Сонау Алматыға дейін небір мықты профессорларға алып барғандарымен қызды емдеп жазу мүмкін болмапты. Жас кезінде қол-аяғы сау болған қыз 7-8-ші сыныпта оқып жүрген кезінде осындай дертке ұшыраған.

Содан апай кешкісін намазын оқып төсекке жатқанда түсіне атасы еніпті. Ол қыздың ауруы лас жерге түзге отырғаннан болғандығын, қорымдағы өз қабірінің басынан саз балшық алып, соны суға езіп, қыздың аяқ-қолына бірнеше күн жағу, содан кейін созу қажет екендігін айтыпты. «Аяғы жазылар, қолын білмеймін» дейді түсіне кірген атасы.

Рысты апай атасының айтқанын түгел орындайды. Саз балшықпен бірнеше күн аяғын сылап,  еті жұмасарған соң туыстарына ұстатып тұрып, аяғының бүгілген жерін күшпен қатты созады. Қыздың құлындаған даусы құраққа шығады. Дегенмен, Алланың құдыретімен бүгілген тізе созылып, қайта қалпына келіпті. Ал, қолын емдеуге келгенде қыз безектеп жуытпайды. Туыстары әрі-бері айтқанымен көнер түрі болмапты.

Атбасарға келіп емшілік жасап жүргендердің арасында Теміртаудан келген Нәзира деген әйел болды. Ол Рысты апай сияқты басына орамал салып, намаз оқымайтын. Қолында темір сапты автоқалам. Қағазда жазылған адам ағзасының түрлі ауруларының тізбесі  бар. Әлгі автоқаламмен сол тізбені жағалатып отырып, ол өзіне келген адамның барлық ауруларын дәл тауып беретін. Автоқаламды қозғап отыратын тылсым күш бар дейді ол.

Бір таңқалдырғаны, Нәзира өзінің 350 әруағының бар екендігін, оған қоса үш жат планеталық келімсектің де үнемі көмектесіп отыратындығын айтты. Әлгілердің екеуі әйел де біреуі еркек дейді. Үстерінде скафандр сияқты киім киген. Ол өзін толғандыратын мәселе болса, түн ортасы ауа әлгілерді шақырады екен. Олар мұның алдына компьютердің мониторы сияқты әлденені қойып, сол арқылы сауалдарына жауап беретін көрінеді.

akikat01.com




Көрілген: 1654    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.10.2020, 21:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 11:50
    О дүниеден оралған жігіт
    25 Қыркүйек, 13:49
    Жын мен жігіт
    24 Қыркүйек, 14:37
    Көріпкелге бармаңыз...
    21 Қыркүйек, 14:17
    Гипнозбен тонап кетті...
    17 Қыркүйек, 14:27
    Алтын көшкен түн
    15 Қыркүйек, 13:58
    Пері соққан Болатқан...
    9 Қыркүйек, 13:31
    Әкенің киесі...
    2 Қыркүйек, 15:02
    Бір түнде қартайған екен
    11 Тамыз, 15:02
    Мәйітханадағы түн
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31