Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Астролог 2021 жыл Назарбаев пен Тоқаев үшін қандай болатынын болжады

  • Астролог 2021 жыл Назарбаев пен Тоқаев үшін қандай болатынын болжады

    Астролог 2021 жыл Назарбаев пен Тоқаев үшін қандай болатынын болжады

Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова елді биыл ғарыш энергиясы тұрғысынан не күтіп тұрғанын болжады. Жұлдызнамашының айтуынша, сиыр жылы Қазақстанға оңайға соқпайды, саяси және экономикалық өзгерістер кезеңі. Астрологтың болжамын Sputnik Қазақстан жариялады.

Астрологтың айтуынша, қаңтардан бастап Қазақстан Юпитер мен Сатурн планеталарының ықпалында болады. Ал бұл екеуі - әлеуметтік ғаламшар, сол себепті заң шығарушы және атқарушы билікте өзгерістер болжанады.

"Уран энергиясы биліктің орталықсызданатынын көрсетеді. Бұл дегеніміз, өкілеттіктердің бір бөлігі кезең-кезеңмен жергілікті органдарға мәжбүрлі немесе ерікті түрде беріледі. Алайда жергілікті билік мұны қалай пайдаланатынын әзірге айту қиын, өйткені билік пен кландар арасында бәсеке күшейеді, елдегі сыбайлас жемқорлықты да естен шығармаған абзал", - дейді Әбдірайымова.

Маманның болжамынша, ұлттық экономикада реформалар жасалып, кейбір мемлекеттік органдар қайта құрылуы мүмкін.

Экономикалық және әлеуметтік проблемалар өршиді. Үкімет елді дамытудың жаңартылған бағдарламасын әзірлейді деп күтілуде. Билікке азаматтық қоғамның өкілдерін тарту мәселесі жыл бойы өзектілігін жоғалтпайды. Астролог 2021 жылдың екінші жартысында бұл мәселе оң шешімін табуы мүмкін екенін болжап отыр.

"Сиыр жылы - саяси реформалар бастауы. Парламенттің рөлі өсуі мүмкін, бірақ президент пен үкімет бәрібір де негізгі рөл ойнайды. Жазда кландар арасындағы тартыс бәсеңдейді немесе олар билікті бөлу туралы мәмілеге келуі мүмкін. Билікке басқа партиялардың өкілдері өтеді", - дейді қазақстандық жұлдызнамашы.

Әбдірайымова 10 қаңтарға жоспарланған парламент сайлауы тыныш өтпеуі мүмкін екенін ескертті. Халық наразылық танытып, ол 2021 жылдың сәуіріне дейін жалғасуы мүмкін.

Ирина Әбдірайымованың болжамынша, қаңтардан мамырға дейін Қазақстан экономикасы күрделі кезеңді бастан кешіреді.

Жылдың бірінші жартысында әлемдік нарықтағы құбылмалылықтан ұлттық валюта құлдырайды деп күтілуде. Мұнай бағасының төмендеуі де экономикаға теріс әсер етеді.

"Жылдың екінші жартысы оңай болады. Көктемнен жазға қарай Юпитер, Уран, Нептун және Плутон үйлесімді аспект жасайды. Бұл дегеніміз, елді дамытуға және экономиканы көтеруге бағытталған бағдарламалар әзірленеді. Шет мемлекеттермен қаржы қарым-қатынасы жолға қойылады, елге инвестиция құйылады", - деді астролог.

Сондай-ақ, айтуынша, электронды ақшаның рөлі артады, төлем жүйесі қолма-қол ақшадан біртіндеп бас тартады.

Ирина Әбдірайымова қаңтар, ақпан және маусым айларында топтық белсенділік, банк-кредит жүйесі, атом және мұнай-газ өнеркәсібі, апаттар мен табиғи апаттар, атом энергиясы, эпидемия, тіпті соғыспен байланысты оқиғалар болуы мүмкін екені ескертті.

Сондай-ақ, бұл - халықаралық және өңірлік қауіпсіздік ұйымдарға кіру немесе шығу, қолданыстағы шарттарды қайта қарау, кейбір саясаткерлердің саяси аренадан кететін уақыты.

"Жұлдыздар бұл кезеңде жаппай тәртіпсіздіктерді нұсқап тұр. Мектептерде жыныстық тәрбие беру сабағын енгізуге қарсылық туады. Міндетті вакцинациялау мәселесі көтеріледі. Ақпан айынан бастап жыл соңына дейін бала туу көрсеткіші төмендеуі мүмкін", - деді маман.

Астролог қазақстандықтарды осы кезеңде дау-жанжал мен жол апатынан сақтануға шақырды. 

Назарбаев пен Тоқаев үшін сиыр жылы қандай болады?

Ирина Әбдірайымова Елбасы мен қазіргі президент үшін 2021 жылдың қай айы қиынға соғатынын болжады.

"Нұрсұлтан Назарбаев үшін 2021 жылдың қаңтар айы - қиын кезең, ал Дариға Назарбаева үшін &- қаңтар, шілде және күз мезгілі. Қасым-Жомарт Тоқаев үшін - көктем, жалпы сиыр жылы президент үшін жаман болмайды, тек жыл соңында оған бірқатар күрделі проблеманы шешуге тура келеді", - дейді жұлдызнамашы.

Астролог Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын, елдің саяси және экономикалық өмірін реформалар күтіп тұрғанын айтты.

"Ел үшін қиын кезең - жылдың алғашқы жартысы мен желтоқсан айы. Жалпы сиыр жылы оңай болмайды. Өзгерістер кезеңінен абыроймен өтсек, Қазақстанның болашағы жарқын болады", - деді ол.




Көрілген: 10078    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.01.2021, 01:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31