Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Астролог болжамы: Қазақстандықтарды мамыр айында не күтіп тұр?

  • © shkolazhizni.ru

    © shkolazhizni.ru

Танымал астролог Ирина Әбдірайымова мамыр айына болжам жасап, қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты. Жұлдызнамашының есептеуінше, ғарыш энергиясы тұрғысынан мамыр - барынша тыныш өтетін және Жер планетасына тек жақсы әсер алып келетін ай.


Астролог 3-5 мамыр аралығында жаңа жұмысты қолға алмауға кеңес берді. Мұның орнына аяқсыз қалғандарды ретке келтірген ұтымдырақ. Яғни жаңа жұмысты жақсылап жоспарлауға болады, бірақ бастамаған жөн.


Сабырдың астарында жүйке аурулары жатыр


"20 мамырға дейін планетамыздағы энергия барынша жайлы болады. Аз сөйлеп, ешқайда асықпаймыз. Үйіміз бен жұмысымызға деген махаббатымыз артып, тұрақтылық, адалдық және мақсаткерлік бізге серік болады. Десе де айдың басы қиын жағдайларға тап болуымыздан басталуы мүмкін. Бір қарағанда өзімізге ұрыс-жанжалдан алшақтағандай, сабырлы болып көрінеміз. Бірақ мұның астарында жүйке аурулары мен өкпе-реніш жатыр", - дейді астролог.


Әрі қарай Ирина Әбдірайымова айналамыздағыларға өз көзқарасымызды дәлелдеумен әлек болатынымызды айтады. Әсіресе, 5-7 мамыр аралығында қиналамыз. Сондай-ақ, 7 мамырға қарай қаржылай қиындықтарға тап болатынымызды ескертті. Ағайын-туыс, достарымыз бен шенеуніктер ақшаны жұмсауға емес, жинауға кеңес береді. Алайда біздің олардың ақылына құлақ асуымыз екіталай.


Қаржылық қиындықтар


"Жаңалықтар мен өзгерістерге көпке дейін үйрене алмай жүреміз. Осының салдарынан тік мінезділік танытып, 7 мамыр күні қаржылай қиындықтарға тап болудан сақтаныңыз. Әсіресе, 10-11 мамыр аралығында. Мұнымен қатар, мамыр айының екінші бөлігі шетелге шығып демалып, той жасап, бала көтеру үшін қолайлы уақыт. Осы уақытта әйел адамның сезім білдіруге құштарлығы оянып, өздері бірінші болып қадам жасайды. Қойдан жуас жандар сүйіктісімен шаңырақ көтеруге шешім қабылдайды", - дейді Ирина Әбдірайымова.


Астролог серіктестерімізбен жолымыз болып, жұмысымыздың ілгерілейтініне тоқталды. Осыны ескеріп, кез келген шиеленіскен мәселені шешіп алуға болады.


Мамыр айының ішінде ақшалай немесе заттай ұтысқа ие боламыз. Ал 17-18 мамыр күндері бойымызда күш-қуатымыз тасып, барлығын иеленуді қалап тұрамыз. Осының салдарынан бизнес пен отбасылық өмірде бұрын-соңды болмаған қиындықтарға тап болуымыз ғажап емес. Ас үйде ыдыс-аяқтың сылдырлауына алдын ала дайын болған артық етпейді.


Бастығыңыз ренжітсе де, жұмыстан шығып қалудан сақтаныңыз


"Ер азаматтар өзі көптен бері аңсап жүрген затты қымбат екеніне қарамастан сатып алады. Басшылық сізге берген уәдесін орындамай ренжітеді. Мысалы, жазға қарай жалақыңызды көтермек болып, кейін бұл райынан қайтып қалады. Тіпті, істейтін жұмысыңызды екі еселендіріп жібереді. Қалай болғанда да мамыр айында жаңа жұмысқа кіруден немесе жұмыстан шығып қалудан сақтаныңыз. Сондай-ақ, халықаралық деңгейдегі келісімдер өз күшін жояды", - дейді жұлдызнамашы.


20 мамырдан әрі қарай сенімділік, табандылық, ұстамдылық, сабырлық, сақтық сынды қасиеттерден айырыламыз. Есесіне бұлардың орнын әлдеқайда "жұмсақ" қасиеттер алмастырады. Білімге құштарлығымыз артып, жаңа ақпарат алуға асығамыз. Сондай-ақ, қоршаған ортамыз өзгеріп, өзіміз секілді ақылды жандармен кездесулер көбейеді.


Жол апаты көп болады


28-30 мамыр аралығында көлік тізгіндеуден сақ болған жөн. Себебі, осы айда жол апаты көп болады. Бұдан өзге су мен дәріге қатысты жайсыз оқиғалар саны артады.


"Біреулер алдап құжат немесе билеттеріңізді ұрлап әкетуі мүмкін. Десе де бұл кезең білім алып, өзіңізді шыңдау үшін таптырмас уақыт екенін біліңіз", - дейді астролог.


Сөз соңында ол мамыр айында жазушы мен журналист қауымының шабыты артып, жұмысы табысты болатынын жеткізді.


Sputnik 




Көрілген: 2827    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2019, 22:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан, 22:50
    Жын туралы әңгіме
    11 Қараша, 14:35
    Жер асты жұмбағы...
    23 Қыркүйек, 11:17
    «Жұма, 13-і»...
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31