Ат жалында сақталған хат

Ат жалында сақталған хат

Ертеректе біздің ел шілденің ми қайнатар ыстығында шыбын-шіркей атаулы болмайтын атақты Сандықтас жайлауын жайлайды екен. Жаз шыға бұл жайлауға ұландықтардан басқа Самар мен Жарма, бір шеті Көкпекті аудандарының халқы да малдарын шығаратын көрінеді. Тіпті, қазақтар «ішкі жақ» атап кеткен Ертістің арғы бетіндегі орыс ағайындар да малдарын жаз мезгілінде Сандықтаста семіртіп жүріпті.

 

Бір жылы ел жайлаудан түсіп жатқанда орыстар атам Әміреге егіздің сыңарындай екі жирен қасқа тайды сатып кетеді. Оның бірін менің әкем Құрмантайға, екіншісін үлкен ұлы Ғадылғұмарға арнапты. Бірер жылдан кейін екеуі де көрер көзге сұлу мүсінді, аса жүрісті ат болып шығады. Алайда, әкемнің қасқасын бесті шығарында қасқыр жарып кетеді. Ал ағасының жирен қасқасы ел ішінде «Ғадылдың Жезкиігі» атанып, атағы аспандаған шыққан сәйгүлікке айналады.

 

Халық жауларын әшкерелеу науқаны жүріп жатқан күндердің бірінде осы атқа атамның адвокат болып жұмыс істейтін аталас інісі Қади қолқа салыпты. «Заманның беті жаман, менің басыма да күн туайын деп тұр. Бүгін болмаса, ертең ұстайтын шығар. Бас сауғалауым керек. Мені Жезкиіктен басқа бір түн ішінде Семейге түсіре алатындай қыл құйрық жоқ. Маған Ғадылғұмардың осы атын қиыңыз. Семейге жеткен соң тізгінін түріп, қоя беремін. Жезкиік екені рас болса, жан баласына ұстатпастан ауылға жетер. Ал алда-жалда қолды болып кетсе, құны мойнымда, жер басып тірі жүрсем өтеймін» депті.

 

Атам марқұм қаншама малжанды болса да, туысының сөзін жерге тастамаған. Бұл кезде ат иесі Күршімнің «Алтайзолото» бірлестігіне қарасты Маралиха ауылындағы орта мектепте директор болып істеп жүріпті.

 

&ndash Жезкиік сол кеткеннен оралмады, Қадиден де хабар-ошар болмады. Арада екі жылға жуық уақыт өтіп кеткен. Қар бір жауып қалған кез еді. Бір күні таңға жуық жылқының кісінеген дауысынан оянып кеттім. Мынау Жезкиік болмағай деген оймен далаға қалай атып шыққанымды білмей қалдым. Есіктің алдында басы салбырап кеткен Жезкиікті көргенде көзімнен аққан жасқа ие бола алмадым. Әбден арықтаған, есті жануарды бір айдай қорадан шығармай күттім. Бір күні ұйысқан жалын тарап тұрсам, қолыма шынашақтың үлкендігіндей бір заттың ілінгені. Қалың жалдың ең түбіне шандып байланған түйіншекті әрең шешіп алдым. Бұрын-соңды көрмеген мата сияқты орауышты ашқанымда ішінен шиыршықталған хат шықты. Арабша жазылыпты, қолым қалтырай оқып шықтым. «Керекуден жібердім, өзім одан әрі кетемін» деген екі-үш ауыз сөзден бәрін түсіндім. Ал осы екі жылдың ішінде Жезкиіктің қайда жүргеніне, сонау жердің түбінен ауылды қалай тауып келгеніне, содан соң анау хаттың осыншама уақыт бүлінбей қалай сақталғанына өмір бойы таңданумен келемін, &ndash деп отырушы еді атам.

 

Кейін Жезкиікті атамның қолынан аудандағы әпербақан бастықтардың бірі зорлықпен тартып алыпты, содан көрінгеннің тақымында жүргендіктен текті жануар зорығып өлген екен.

 

 

Автор: Мұрат Әміренов, Өскемен

alashainasy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста