Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Әулетке жасалған дуа

  • © kzonarko.kz

    © kzonarko.kz

Менің әкем өте жас кезінде үйленген екен. Ата-анасының айттыруымен көрші ауылдың қызын алған. Алайда отасқан әйелімен дәм-тұзы жараспапты. Тұңғыш ұлы дүниеге келгеннен кейін көп ұзамай ажырасып кеткен. Ажырасуына әйелінің шайпауыздығы, дуаға жақындығы себеп болды деседі. Ол ата-енесімен де жақсы тіл табыса алмағанға ұқсайды. Сондықтан әкем ата-анасының рұқсатымен ол әйелден ажырасып тыныпты.


Бірінші әйелімен ажы-расқаннан кейін әкемменің анаммен танысып, араға екі жылдай уақыт салып қайта отбасын құрған. Анам дүниеге үш қыз, бір ұл бала әкелген. Алайда анам біз ес білгелі өте көп ауырды, денсаулығы сыр беріп, қаратпаған жеріміз жоқ. Біздің бала күнімізде әкем жиі-жиі «ішіп», үйге келмей қалатын, табысы да нашар, қысқасын айтқанда, тұрмысымыз мәз болмады.


Әкем ішіп келгенімен қоймай, айғай-шу шығарып, анама қол көтеретін. Жаны әбден күйзелген болса керек, анам 57 жасында ауыр науқастан көз жұмды.


Дегенмен анам өзінің денсаулығының нашарлығына қарамастан бізді өсіріп жеткізді. Ол ылғи да: «Әкелеріңнің бірінші әйелі біздің отбасымызды «оқытып» тастаған, шаңырағымызда береке болмағаны да сондықтан. Алла балаларымның жолын оңғарып, бақтары ашылса екен», – деп айтып отыратын. Анамның айтқан сөзіне сол кезде аса мән бермесем де кейін өзімнің басыма қиындық түскенде есіме алдым. Шынымен де біздің шаңырағымызда еш береке, құт болмады. Үйдегі апалы-сіңлілі үш қыздың да тұрмыста бақтары ашылмады. Біріншісінің күйеуі әсіре діншіл, өз-өзімен лағып жүретін біреу болды. Екінші қыздың күйеуі нағыз алқаш боп шықты. Үйінде екі күннің бірінде ұрыс болып жатады. Ал үшінші қыздың күйеуі қызқұмар, ауылда жүрмеген әйелі қалмады, ақыры ажырасып тынды. Ал енді менің шаңырағыма келсек, өз үйім де берекенің ұйытқысы бола қоймады. Әйелім қит етсе төркіндетіп кетер санасыз біреу боп шықты. Мен тапқан-тергенімді бала-шағамның несібесі деп үйге тасып әлекпін, ол болса туған-туысына таратады.


Әйелім маған тұрмысқа шыққалы оған тіпті жұмыс істеткен емеспін. Бар ниетім ол балаларымызды жақсы тәрбиелесін деп ойладым. Алайда ол күнұзақ үйде отырып, бір уақытта тамақ істегенін бұлдайды. Өзінің туған-туысының той-томалағынан қалмайды, соңғы тиынымызды болса да апарады. Ал менің қарындасым не әпкем қиын жағдайда болғанын айтып мен көмек қолын созсам сол үшін бірден ұрыс шығарады.


Шынымды айтсам, ажырасып-ақ кеткім келеді. Әттең, екі баламды қимаймын. Қателескен өзіммін, басқа кімді кінәлаймын?


Қарап отырсақ, әкеміз бен анамыздан басталған «ыдыс-аяқ сыңғыры» олардан тараған бүкіл балаларында да қайталануда. Осы ретте әкеміздің бірінші әйелі оның жолын байлап, дуалап тастады деген әңгіме жиі есіме түсетін болып жүр.


Расында солай ма екен, әлде бұл бос сөз бе?


zamana.kz




Көрілген: 2471    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.04.2019, 11:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31