Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Ауыл тұрғыны қабірден бір жарым ғасыр бұрын жарық көрген кітап тауып алды

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Ақтөбе облысында елді мекен маңындағы қорымнан ескі араб тілінде жазылған кітап табылды. Тарихи жәдігерді Хромтау ауданы Тасөткел ауылының тұрғыны тауып алған, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

 

Елді мекен маңындағы қорымнан шыққан кітап парақтары ескі араб тілінде жазылған.

 

Қағаз беттері әбден сарғайғанымен, төте жазу анық көрінеді. Жәдігер иесі кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргіннен бой тасалау үшін кітапты қабір басына жасыруы мүмкін деген жорамал бар.

 

"Хромтау ауданының "Нұр" мешітінің бас имамы осы кітапты қарағанда "Бұл Құранның өзі емес, бірақ арабша жазылған шариғаттың заңымен өмір сүрудің салтын түсіндіретін фитх кітабы" деді. Және бұл бір емес төрт кітап болып шықты. Осының ішінде біреуі грамматика деп айтты", - дейді қала тұрғыны Серік Әбдіжәми.

 

Облыстық мешіт имамдары бір бумаға оралған қағаздарды төрт түрлі кітап деп отыр. Бірі ислам шариғаты туралы жинақ болса, екіншісі араб тілінің әліпбиі болуы мүмкін.

 

Қалғандарының мән-мағынасы мен баспадан шыққан уақыты білікті мамандар зерттегеннен кейін белгілі болады.

 

Тиісті зерделеу жұмыстары аяқталған соң құнды жәдігер облыстық музейдің "Руханият" көрме-залына қойылады.

 

 




Көрілген: 6936    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.12.2020, 09:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31